Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«Орталық мемлекеттік архив»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус
facebook instagram
НегізгіҚызмет көрсетуИнтернет-қабылдауЫнтымақтастықАрхив тарихыМемлекеттік рәміздер
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
03-09-2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ұжымы Арман Оразбайұлы Қырықбаевты Қазақстан...

03-09-2026
АИДА ҒАЛЫМҚЫЗЫ БАЛАЕВА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ұжымы Аида Ғалымқызы Балаеваны Қазақстан...

27-08-2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
Бүгін, 27 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және...

Онлайн көрмесі
Барлығын көрсету



Мемлекеттік рәміздер
Барлығын көрсету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Онлайн көрмесі
 
Жәнібеков Өзбекәлі ‒ 1931 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Маяқұм (Сарықамыс) ауылында, колхозшы отбасында дүниеге келген.
Орта мектептен кейін, 1948 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1952 жылы тәмамдайды.
Өзінің еңбек жолын сол 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданында «Ленин жолы» орта мектебінде мұғалімдіктен бастап, 1955-1956 жылдары Келес аудандық партия комитетінде насихатшы, аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшы болып қызмет атқарды. 1956-1959 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінде хатшы және бөлім бастығы, 1959-1961 жылдары бірінші хатшы болып сайланған. 1961-1970 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінде үгіт-насихат жөніндегі хатшы және бірінші хатшы болып қызмет істеген. 1970-1975 жылдары Торғай облыстық партич комитетінің хатшысы, ал 1975-1977 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінде сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1977-1987 жылдарда Қазақ ССР Мәдениет Министрінің орынбасары, Алматы облыстық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ ССР Мәдениет Министрі. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне хатшы болып сайланды да, сонда партия тарқатылғанға дейін қызмет істеді. 1991 жылдан бастап, «ҚР алдындағы ерекше еңбегі үшін» зейнетақы иегері атанды.
Белсенді қоғамдық қызметі үшін үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Тың жерді игергені үшін» медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің БЛКЖО Орталық комитетінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамоталарымен және БЛКЖО «Құрмет» белгісімен наградталған.
Ол сондай-ақ КПСС ХХІІ-ХХҮІІІ сьездерінің Қазақстан Компартиясының ХІ, ХІІ, ХІҮ, ХҮІІ сьездерінің, БЛКЖО-ның ХІҮ, ХІІ, ХҮІ сьездерінің Қазақстан комсомолының ҮІІІ, ІХ, Х, ХІ, ХІІ сьездерінің делегаты, ҮІ, ҮІІ, ХІ шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, ал 1990 жылы Қазақ ССР халық депутаты болып сайланды.
1985 жылдың ақпанында Ө. Жәнібеков ҚР Орталық Мемлекеттік архивіне Орта Азия мен Қазақстанда комсомол ісін ұйымдастырушы, комсомол қайраткері Ғани Мұратбаевтың құжаттарын мемлекеттік сақтауға өткізіп, үлкен азаматтық көрсетті.
Өзбекәлі Жәнібеков қайда, қандай қызметте болсада қазақтың ұлттық мәдениетін, қол өнерін, ән биін, сәулет өнерін, әдет-ғұрпын, тарихын, этнографиясын зерттеп, өркен жаюына жанашыр бола білді.
Ө. Жәнібековтің тікелей басшылығымен тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алып қорғау, қайта қалпына келтіру және пайдалануда көптеген жұмыстар атқарылды. Жамбыл, Маңғыстау, Семей, Оңтүстік Қазақстан тағы басқа облыстарды музей қорықтар ұйымдастырылып, қазақтың халық билері, ұлттық киімдері қалпына келтірілді, оларды насихаттау үшін фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер құрылды. Ө. Жәнібековтің рухани мұрасы халқының қымбат қазынасы болуымен бірге болашақ ұрпақтың оқып үйренуіне, тәлім алуына татитыны, талай зерттеу еңбектеріне негіз болары сөзсіз.
Ө. Жәнібековтің жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1996-1997 жылдары қабылданды. Осы құжаттар негізінде 1-ші және 2-ші тізімдемелер жасалып, тізімдемеге 1903-1997 және 1969-1997 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген.
 
Нысанбек Төреқұлов 1921 жылы 28-ші тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Алғабас ауданының Досан ауылында дүниеге келген. Үш жасында әкесінен, алты жасында анасынан жетім қалған. 1932-1937 жылдары Түркістан қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Орта мектепті Мерке қаласында бітірген.
1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысында 8-ші гвардиялық Панфиловшылар дивизиясында жүріп Мәскеу, Бородино, Калинин, Смоленск, Клин, Холм, Ржев және т.б. қала, деревняларды жаудан азат етуге қатысқан. Ауыр жараланып ауылға оралған соң Досан колхозында бухгалтер болған. 1949-1954 жылдары Арыс қалалық сотында судья болып істеген. Ал 1955-1956 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында қызмет атқарған. 1956-1960 жылдар аралығында Алматы жоғары партия мектебін аяқтағаннан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген.
1961-1968 жылдары Қазақ ССР ҒА-ң М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1965 жылы «Қазақ әдебиетіндегі нақыл сөздер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Қазақ әдебиеті тарихының көп томдығына т.б. ғылыми жинақтардың жарыққа шығуына атсалысқан. 1968-1972 жылдары ҚазақСовет энциклопедиясының сөзтізбе бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1973-1991 жылдары жоғарыда аталмыш институтта аға ғылыми қызметкер болып істеген.
Н. Төреқұлов қоғамдық қызметпен ғылымды ұштастыра жүріп 1984 жылы «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы және ақындар творчествосы» деген еңбегі бойынша докторлық диссертация қорғаған. Н. Төреқұловтың негізгі ғылыми еңбектері қазақ фольклорына, халық ақын-жыраулары Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Орынбай т.б. жүздеген ақын-жыраулардың шығармашылығына арналған. Ол сондай-ақ әскери-патриоттық тақырыпқа да көңіл бөлген. Совет одағының батырлары А. Суханбаев, Б. Момышұлы, С. Әбдіжаппаров, Б. Оңтаев, Қ. Сыпатаев және қаһарман комиссар Х. Халиуллин т.б. майдандас замандастары туралы әңгіме-очерктері жарияланған.
Н. Төреқұловтың еңбектері туралы М. Ғабдуллин, С. Талжанов, М. Дүйсенов, Б. Кенжебаев, Ә. Тәжібаев, С. Садырбаев, З. Қабдолов сияқты көптеген қаламгерлер мақалалар жазған.
Н. Төреқұлов 1937-1947 жылдар аралығында комсомолға, 1947 жылдан бастап партияға мүше болған. Оның 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы табандылығы мен ерлігі үшін Жеңістің 40 жылдығына байланысты 1985 жылы КСРО Жоғарғы Советі Президиумының жарлығы бойынша 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен және оншақты медальмен марапатталған.
Н. Төреқұлов 1960 жылдан КСРО Журналистер одағының, 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
2007 жылы 22 қарашада дүниеден өтті.
Нысанбек Төреқұловтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне 1988, 1997 жылдары өзінің өтініші бойынша тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1936-1997 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген.
 
Латиф Абдулхаевич Хамиди – көрнекті қазақстандық композитор, педагог, Қазақ ССР халық әртісі, Қазақстанның кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Оның шығармашылық әрі қоғамдық қызметі XX ғасырдағы ұлттық музыка мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды.
Латиф Хамиди – опералық, симфониялық, хорлық, вокалдық және аспаптық шығармалардың авторы. Композитордың ең танымал туындысы – Ахмет Жұбановпен бірге жазған «Абай» операсы. Оның шығармашылығында әндер мен романстар елеулі орын алады, олардың көбі Қазақстан музыкасының алтын қорына енді. Хамиди әртүрлі жылдары Евгений Брусиловскиймен және Мұқан Төлебаевпен бірге жұмыс істеп, Қазақ ССР Мемлекеттік әнұранының музыкасын жазуға қатысты, сондай-ақ Жұмат Шанин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов сияқты жазушылармен, драматургтермен және театр қайраткерлерімен тығыз шығармашылық байланыста болды. Оның қызметінде қазақтың музыкалық фольклорын жинау мен сақтау жұмысы ерекше орын алды. Хамиди халық әндерін нотаға түсіріп, Абай Құнанбайұлының музыкалық мұрасын зерттеді, Александр Затаевичпен әріптестік орнатты, Қазақстанның кәсіби композиторлық мектебінің қалыптасуына және жас музыканттарды тәрбиелеуге белсене қатысты. Оның көпжылдық шығармашылық әрі педагогикалық қызметінің арқасында ұлттық музыка өнерінің берік негізі қаланды.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде сақталған Латиф Хамидидің өмірі мен қызметіне қатысты құжаттық мұра ерекше тарихи әрі мәдени құндылыққа ие. Бұл құжаттар оның шығармашылық жолын, Қазақстанның кәсіби музыка өнерінің қалыптасуына қосқан үлесін, сондай-ақ отандық мәдениеттің көрнекті қайраткерлерімен ынтымақтастығын айшықтайды. Оның жеке қорының құрамында ғылыми-әдістемелік еңбектер, мақалалар, сұхбаттар, очерктер, әңгімелер, күнделік жазбалары, хаттар, фотоқұжаттардың түпнұсқалары және басқа да көптеген материалдар сақталған.
 
Болат Қабиұлы Өтебаев - 1936 жылы 1 тамызда бұрынғы Гурьев қазіргі облысының Мақат ауданының Доссор елді мекенінде дүниеге келген. Ол Гурьев қаласында С. Орджоникидзе атындағы мектепте білім алып, 1947 жылы Құлсары елді мекеніне көшуіне байланысты оқуын осында жалғастырып, оны 1954 жылы бітірген.
1954-1959 жылдар аралығында Мәскеуде И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтының «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» факультетінде білімін жетілдіреді. 1950-1963 жылдар аралығында комсомол қатарында болып, бірқатар қоғамдық жұмыстар атқарған.
1961-1963 жылы мұнай өндірісінде скважина зерттеу және мұнай өндіру саласында оператор, өндірістік және техника бөлімдерінің меңгерушісі, «Казнефтегазгеология» АҚ-да бас инженерлік қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары «Мангышлакнефтеразведка» Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясының Төрағасы болып тағайындалады. 1992 жылы «Атыраунефтегазгеология» қоғамының Төрағасы болып қызмет атқарады. Өз өмірінің 42 жылын мұнай өндіру саласына арнаған мұнайшының қолдауымен мұнай өндіру базалары, бұрғылау техникалары т. б. жұмыс орындары жөндеуден өткен. Грозный қаласымен Татарстанда өз мамандығын жетілдіреді. Б. Өтебаев төрағалық жұмыстармен шектелмей, сонымен қатар жер барлау шараларына да белсене қатысып отырған. Оның қатысуымен 40 геологиялық жұмыстар мен 20-дан астам «Биікжал» және т. б. Гурьев, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал облыстарында маңызды мұнай орындары ашылған. Жаңажол», «Қарашығанақ», «Қаламқас» т.б. мұнай орындары ашу мен барлауда қосқан үлесі үшін мемлекеттік ақшалай сыйлықтармен марапатталған. Маңғыстау облысындағы «Арман» мұнай өндіру орнын алғаш ашқаны үшін «Мұнай мен газ орындарын алғаш ашушы» дипломымен марапатталған. Мұнай шығару жөніндегі жетістіктері үшін «Еңбек сыйлығы» атты кітапқа Б. Өтебаевтың есімі енгізілген.
Б. Қ. Өтебаевтың жеке қор құжаттары Мемлекеттік Орталық архивіне 2005 жылы қор иесінің өз қолымен сый ретінде тапсырған.
 
Николай Степанович Гаев 1921 жылы Челябі губерниясы Қорған уезінің Медвежье ауылында дүниеге келген. Свердлов көркемсурет училищесінде білім алып, оны 1941 жылы тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатысушы, гвардия капитаны.
1946 жылдан бастап оның бүкіл өмірі мен шығармашылық жолы Қазақстанмен тығыз байланысты болды. Ол «Қазақфильм» киностудиясында, оқулықтар, әліппелер мен балалар кітаптарын безендірген «Казучпедгиз» баспасында, сондай-ақ көркем әдебиет баспасы – «Казгослитиздат» (қазіргі «Жазушы» баспасы) мекемесінде бас көркемдік редактор қызметін атқарды.
Николай Гаев эстамп, кітап графикасы, линогравюра, офорт, сондай-ақ станоктық сурет (көмір, пастель, графит қарындаш және басқа да техникалар) саласында жемісті еңбек етті.
Суретшінің белгілі туындыларының қатарында «Целина» («Тың») линогравюралар топтамасы, «Земля – Космос – Земля» («Жер – Ғарыш – Жер») триптихы, «Люди, будьте бдительны!» («Адамдар, сақ болыңдар!»), «Рождение республики» («Республиканың дүниеге келуі») атты шығармалары, сондай-ақ көптеген портреттері, пейзаждары мен натюрморттары бар.
Н.С. Гаевтың құжаттық материалдары 2002 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне қабылданды. Қор құрамында суретшінің шығармашылық қызметіне қатысты құжаттар, шығармаларының репродукциялары, өмірбаянына қатысты материалдар, хат-хабарлары, фотосуреттері және басқа да құжаттар сақталған.
Навигация
Тоқта сыбайлас жемқорлық
ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады:
Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна.
телефон:8(727)2720334
мобильный:8(701)4816169
Яндекс.Метрика Разработка и поддержка сайта - cga.kz