Мемлекеттік рәміздер |
| Барлығын көрсету | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
|
|
|
|
|
|
|
| МЕМЛЕКЕТТІК САЯСИ ҚЫЗМЕТКЕР ИДАЯТ СЕРЖАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 115 ЖЫЛ! |
|
 |
Идаят Сержанұлы Сержанов ‒ 1911 жылы, Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының қазіргі Жетібай ауылында, кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.
1929 жылы ол Ордадағы екінші бастауыш мектептің 7 сыныбын бітіреді. 1930 жылы Орал қаласында жоғары дәрежелі оқу орындарында даярлайтын 6 айлық курсты бітіреді, 1930-1931 жылдары Оралдың педагогтік институтында оқиды, 1932 жылдан 1938 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің мәдениет-насихат бөлімінің меңгерушісі, БЛКЖО-ның Орал Ембі және Фурманов аудандық комитеттерінің секретары, комсомолдың Гурьев округтік комитетінің секретары болып қызмет істеді.
1938 жылдан 1942 жылдың май айына дейін И. Сержанов Гурьев облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық өнер істері бөлімінің меңгерушісі, еңбекшілер депутаттарының Жамбыл облыстық Советі атқару комитетінің секретары, Қазақ ССР Халық Комиссарлары Советі жанындағы өнер істері басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет істеді. 1942 жылы Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті И. Сержановты Павлодар облысына партия қызметіне жіберді. Бастауыш комсомол ұйымдарының секретары, бірқатар аудандық комсомол комитеттерінің бюро мүшесі, комсомолдың Батыс Қазақстан және Гурьев облыстық комитеттерінің мүшесі болып қызмет істейді. 1940 жылы Қазақстан К(б) П Гурьев облыстық комитетінің мүшесі болып сайланады. 1942 жылы ол ҚК(б) П Павлодар қалалық комитетінің және 1943 жылдан КК(б) П Павлодар облыстық комитетінің мүшесі. 1944 жылы И. Сержанов Москва қаласында ССРО сыртқы істер Министрлігінің жанында басшы дипломаттық қызметкерлер дайындайтын жоғарғы курс бітіреді. Ол Москвада БК(б) П Орталық Комитетінің жанындағы басшы партия және Совет қызметкерлерінің білімдерін пысықтайтын біржылдық курс бітіреді.
Совет үкіметі И. Сержанов еңбегін жоғары бағалап, оны Еңбек Қызыл Ту және Қызыл жұлдыз ордендерімен және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік еңбегі үшін медальмен наградтады.
Қостанай облыстық Жетіқара аудандық партия комитетін басқарды, КСРО Тамақ өнеркәсібі министрлігі мен Қазақ КСРО Сауда министрлігі жүйесінде трест басқарушысы және завод директоры болды. 1962 жылдан құрметті зейнет демалысына шыққанға дейін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының іс басқарушысы болып істеді.
Идаят Сержановтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1998 жылы жұбайы Зүбайда Сержанова сый ретінде тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1917-1997 жылдар аралығын қамтитын өмірбаяндық, шығармашылық, хаттар, фотосуреттер және қор иесін қызықтырған құжаттар енген. |

| АУДАРМАШЫ, ЖАЗУШЫ ҒАЙША ШАРИПОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ! |
|
 |
Ғайша Абдулхамитқызы Шарипова ‒ 1901 жылы 12 қыркүйекте Қазан қаласында қызметші отбасында дүниеге келген. Ғ.А. Шарипованың балалық және жастық шағы 1905 жылғы революцияға қатысушы, тұңғыш пролетар татар жазушысы, көкесі Ғафур Құлахметовтің үйінде өтті. Қазан әйелдер гимназиясын бітіргеннен кейін, Ғ.А. Шарипова 1918 жылы Қазан университетінің медицина факультетіне түсті, бірақ анасының науқастануына және көкесінің қайтыс болуына байланысты университет тәмамдай алмады. Ол жұмысқа орналасып, сауатсыздықты жою мектебінде сабақ берді, Татар жұмысшы театрының актрисасы болды. 1920 жылы Ғ.А. Шарипова Мәскеуге көшіп келді. 1924-1925 жылдары «Нашрият» кооперативтік баспасында машинкада басушы болып жұмыс істеді, ал 1925 жылдың соңынан 1930 жылға дейін РКФСР Жоғарғы сотында аудармашы болды. Ғ.А. Шарипова әдеби қызметпен 1929 жылдан бастап татар, башқұрт, қырғыз тілдерінен аудармашы ретінде айналыса бастады. 1934 жылы Ғ.А. Шарипова КСРО Кеңес жазушылары одағының мүшелігіне қабылданды. 1936 жылы ол КСРО Кеңес жазушылары одағының бас хатшысы А.С. Щербаковтың ұсынысымен Қазақстанға жұмысқа жіберілді. Оған аударма ісінің жағдайымен танысу және Қазақстан Кеңес жазушылары одағы жанынан аудармашылар секциясын ұйымдастыру тапсырылды. 1936-1937 жылдары Ғ.А. Шарипова ОГИЗ-дің Қазақ өлкелік баспасында редактор-аудармашы, 1938-1939 жылдары «Казахстанская правда» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеді. 1940-1941 жылдары Ғ.А. Шарипова «Литературная» газетінің Қазақстан бойынша тілшісі, 1941-1942 жылдары Абайдың мерейтойын өткізу жөніндегі үкіметтік комитеттің ғылыми хатшысы болды. 1946 жылдан бастап әдеби қызметпен айналысты. Ғ.А. Шарипованың қаламынан: «Өмір туралы повесть» (1947), «Біздің заманның адамы» повесті (1949) және т.б., әңгімелер, очерктер туындады. Бұл шығармалардың көп бөлігі Қазақстандағы табиғатты өзгертуге, Кеңестік Шығыс әйелдерінің тағдырына арналған. Ғ.А. Шарипова бауырлас республикалар жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударушы ретінде де белгілі. Ол М. Әуезовтің, І. Жансүгіровтің, С. Мұқановтың және т.б. шығармаларын аударды. Қоғамдық жұмыспен де белсенді түрде айналысты. Ол Замоскворечье Кеңесі жұмысшы әйелдер бөлімі жанындағы Делегаттар жиналысының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төралқасының мүшесі болды. «Ерен еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отаны соғысындағы қажырлы еңбегі үшін», «Тыңды игергені үшін» медальдарымен, сондай-ақ бауырлас халықтар арасындағы әдеби байланыстарды нығайтудағы зор еңбегі үшін Қазақ ССР, Қырғыз ССР, Татар АССР Жоғарғы Кеңестері Президиумдарының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1969 жылы Ғайша Шарипова дүниеден өтті. Ғайша Шарипованың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1972 жылы қызы А.У. Поцелуйко сый ретінде тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1925-1966 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген. |
|
|
| МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ТАРИХШЫ-ЭТНОГРАФ, ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ! |
|
 |
Жәнібеков Өзбекәлі ‒ 1931 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Маяқұм (Сарықамыс) ауылында, колхозшы отбасында дүниеге келген.
Орта мектептен кейін, 1948 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1952 жылы тәмамдайды.
Өзінің еңбек жолын сол 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданында «Ленин жолы» орта мектебінде мұғалімдіктен бастап, 1955-1956 жылдары Келес аудандық партия комитетінде насихатшы, аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшы болып қызмет атқарды. 1956-1959 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінде хатшы және бөлім бастығы, 1959-1961 жылдары бірінші хатшы болып сайланған. 1961-1970 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінде үгіт-насихат жөніндегі хатшы және бірінші хатшы болып қызмет істеген. 1970-1975 жылдары Торғай облыстық партич комитетінің хатшысы, ал 1975-1977 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінде сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1977-1987 жылдарда Қазақ ССР Мәдениет Министрінің орынбасары, Алматы облыстық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ ССР Мәдениет Министрі. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне хатшы болып сайланды да, сонда партия тарқатылғанға дейін қызмет істеді. 1991 жылдан бастап, «ҚР алдындағы ерекше еңбегі үшін» зейнетақы иегері атанды.
Белсенді қоғамдық қызметі үшін үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Тың жерді игергені үшін» медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің БЛКЖО Орталық комитетінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамоталарымен және БЛКЖО «Құрмет» белгісімен наградталған.
Ол сондай-ақ КПСС ХХІІ-ХХҮІІІ сьездерінің Қазақстан Компартиясының ХІ, ХІІ, ХІҮ, ХҮІІ сьездерінің, БЛКЖО-ның ХІҮ, ХІІ, ХҮІ сьездерінің Қазақстан комсомолының ҮІІІ, ІХ, Х, ХІ, ХІІ сьездерінің делегаты, ҮІ, ҮІІ, ХІ шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, ал 1990 жылы Қазақ ССР халық депутаты болып сайланды.
1985 жылдың ақпанында Ө. Жәнібеков ҚР Орталық Мемлекеттік архивіне Орта Азия мен Қазақстанда комсомол ісін ұйымдастырушы, комсомол қайраткері Ғани Мұратбаевтың құжаттарын мемлекеттік сақтауға өткізіп, үлкен азаматтық көрсетті.
Өзбекәлі Жәнібеков қайда, қандай қызметте болсада қазақтың ұлттық мәдениетін, қол өнерін, ән биін, сәулет өнерін, әдет-ғұрпын, тарихын, этнографиясын зерттеп, өркен жаюына жанашыр бола білді.
Ө. Жәнібековтің тікелей басшылығымен тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алып қорғау, қайта қалпына келтіру және пайдалануда көптеген жұмыстар атқарылды. Жамбыл, Маңғыстау, Семей, Оңтүстік Қазақстан тағы басқа облыстарды музей қорықтар ұйымдастырылып, қазақтың халық билері, ұлттық киімдері қалпына келтірілді, оларды насихаттау үшін фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер құрылды. Ө. Жәнібековтің рухани мұрасы халқының қымбат қазынасы болуымен бірге болашақ ұрпақтың оқып үйренуіне, тәлім алуына татитыны, талай зерттеу еңбектеріне негіз болары сөзсіз.
Ө. Жәнібековтің жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1996-1997 жылдары қабылданды. Осы құжаттар негізінде 1-ші және 2-ші тізімдемелер жасалып, тізімдемеге 1903-1997 және 1969-1997 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген. |
|
|
| ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ, ЖАЗУШЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ НЫСАНБЕК ТӨРЕҚҰЛОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 105 ЖЫЛ! |
|
 |
Нысанбек Төреқұлов 1921 жылы 28-ші тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Алғабас ауданының Досан ауылында дүниеге келген. Үш жасында әкесінен, алты жасында анасынан жетім қалған. 1932-1937 жылдары Түркістан қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. Орта мектепті Мерке қаласында бітірген.
1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысында 8-ші гвардиялық Панфиловшылар дивизиясында жүріп Мәскеу, Бородино, Калинин, Смоленск, Клин, Холм, Ржев және т.б. қала, деревняларды жаудан азат етуге қатысқан. Ауыр жараланып ауылға оралған соң Досан колхозында бухгалтер болған. 1949-1954 жылдары Арыс қалалық сотында судья болып істеген. Ал 1955-1956 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында қызмет атқарған. 1956-1960 жылдар аралығында Алматы жоғары партия мектебін аяқтағаннан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген.
1961-1968 жылдары Қазақ ССР ҒА-ң М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. Аспирантураны бітіргеннен кейін 1965 жылы «Қазақ әдебиетіндегі нақыл сөздер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Қазақ әдебиеті тарихының көп томдығына т.б. ғылыми жинақтардың жарыққа шығуына атсалысқан. 1968-1972 жылдары ҚазақСовет энциклопедиясының сөзтізбе бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1973-1991 жылдары жоғарыда аталмыш институтта аға ғылыми қызметкер болып істеген.
Н. Төреқұлов қоғамдық қызметпен ғылымды ұштастыра жүріп 1984 жылы «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы және ақындар творчествосы» деген еңбегі бойынша докторлық диссертация қорғаған. Н. Төреқұловтың негізгі ғылыми еңбектері қазақ фольклорына, халық ақын-жыраулары Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Орынбай т.б. жүздеген ақын-жыраулардың шығармашылығына арналған. Ол сондай-ақ әскери-патриоттық тақырыпқа да көңіл бөлген. Совет одағының батырлары А. Суханбаев, Б. Момышұлы, С. Әбдіжаппаров, Б. Оңтаев, Қ. Сыпатаев және қаһарман комиссар Х. Халиуллин т.б. майдандас замандастары туралы әңгіме-очерктері жарияланған.
Н. Төреқұловтың еңбектері туралы М. Ғабдуллин, С. Талжанов, М. Дүйсенов, Б. Кенжебаев, Ә. Тәжібаев, С. Садырбаев, З. Қабдолов сияқты көптеген қаламгерлер мақалалар жазған.
Н. Төреқұлов 1937-1947 жылдар аралығында комсомолға, 1947 жылдан бастап партияға мүше болған. Оның 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы табандылығы мен ерлігі үшін Жеңістің 40 жылдығына байланысты 1985 жылы КСРО Жоғарғы Советі Президиумының жарлығы бойынша 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен және оншақты медальмен марапатталған.
Н. Төреқұлов 1960 жылдан КСРО Журналистер одағының, 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
2007 жылы 22 қарашада дүниеден өтті.
Нысанбек Төреқұловтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне 1988, 1997 жылдары өзінің өтініші бойынша тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1936-1997 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген. |
|
| |
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
.png) |
|
|
Тоқта сыбайлас жемқорлық |
 |
| ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады: |
| Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна. |
| телефон:8(727)2720334 |
| мобильный:8(701)4816169 |
|
|
|