Конференциялар |
17 ақпан 2023 жыл |
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері болған Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Түркі-қазақ болашағы үшін күрес және Қабылбек Сарымолдаев» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
| 28 желтоқсан 2022 жыл |
«Қазақстандағы тұлғатанудың өзекті мәселелері және Ыдырыс Көшкінұлы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
| 2022 жыл 20 желтоқсанын |
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен "Архившілер күні" мерекесіне орай, "Шетел архиві деректеріндегі Қазақстан тарихы: мәселе және жобалар" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
| 2022 жыл 9 желтоқсан |
Белгілі ғалым, көрнекті тарихшы Қайдар Сейсембайұлы Алдажұмановтың 80 жылдық мерейтойына арналған "ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
|
|
|
|
Қорында 1 млн. 500 мыңға жуық ісі бар Орталық мемлекеттік мұрағат елдің ең ірі көппрофильді мұрағаты, республикадағы жалғыз кеңес заманына дейінгі құжаттар қоймасы болып табылады. Кеңес кезеңіне дейінгі құжаттарды негізінен патшалық отаршылдық әкімшілік ұйымдарының қорлары ұсынып отыр: Орынбор шекара комиссиясы, Ішкі қырғыз орданы басқару жөніндегі Уақытша Кеңес, Сібір қырғыздарының шекаралық басқармасы, округтік бұйрықтар, облыстық басқарма, далалық генерал-губернатор кеңсесі, уездік басқармалар, статистикалық комитеттер, көші-қон басқармалары, санақ комиссиялары, облыстық және округтік соттар, жандарм және полиция басқармалары, халық училищелері инспекторларының таулық округтары, оқу орындары және т.б. Мұрағатта барлығы 771 кеңес кезеңіне дейінгі қорлар қамтылған. Мұрағат топтамаларында сақталудағы ең алғашқы құжаттары болып табылатын шетелдік мұрағаттардан келіп түскен Қазақстан тарихы құжаттарының көшірмелерінің күні - 1585 ж. қойылған және олар Орта Азия мемлекеттерінің Ресеймен дипломаттық және басқа байланыстары тарихын айқындайды. Кеңес кезеңіне дейінгі қүжаттардың негізгі бөлігі XVIII ғасыр соңынан бастап 1917 жылға дейінгі кезеңді хронологиялық тәртіппен қамтиды. Аталған кезеңдегі құжаттардың басым бөлігі өзінің ақпараттық қанықтығы бойынша және тіркелген деректерінің көрнектілігі бойынша бірегей және жалғыз болып табылады, олар қазақ халқының экономикалық жағдайын, қазақ қоғамының XVIII-XX ғғ. соңындағы әлеуметтік-саяси ерекшеліктерін көрсетеді, өлке халқының мәдениеті мен тұрмысы ерекшеліктері туралы мәлімет береді. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және т.б. сияқты қазақ тарихы мен мәдениеті өкілдерінің өмірі мен қызметін баяндайтын мұрағаттық құжаттар ерекше қызығушылық оятып отыр. Мұрағат қорларының аса құнды бөлігін қазақ халқының Сырым Датов, Жоламан Тіленшиев, Исатай Тайманов, Жанқожа Нұрмұхамедов, сұлтан Кенесары Қасымов сынды батырлар көтерілісінен бастап, 1916 жылғы көтеріліспен аяқталатын халық-азаттық қозғалысы бойынша құжаттар құрайды. Көтеріліске дейінгі Қазақстан тарихын айқындайтын деректі материалдардан басқа мұрағат қорында шекаралас елдер (Моңғолия, Батыс Қытай, Орта Азия хандықтары) тарихы бойынша құжаттар да бар. Ортаазиялық түркі (шағатай тілі), парсы, татар, қырғыз, ұйғұр, қытай, моңғол және мәнжүр тілдеріндегі құжаттар қомақты мөлшерде сақталған. Уақытша үкімет және азаматтық соғыс кезеңіндегі құжаттарды Далалық генерал-губернаторлық бойынша Уақытша үкімет кеңсесі қоры, Уақытша үкіметтің облыстық комиссарлары, облыстық азаматтық және земстволық басқарма, комиссиялардың Құрылтайшы жиналысына сайлау жөніндегі істер бойынша округтіктер, Семей облысы бойынша Уақытша Сібір үкіметінің өкілетті азық-түлік министрі және басқа ұйымдар қорлары ұсынып отыр. Кеңес одағы қорлары мұрағат құжаттарының негізгі бөлігін құрайды. Олар ең алдымен - Қырғыз өлкесін басқару бойынша Әскери-революциялық комитет қорлары, Орталық Атқарушы Комитет пен Қазақ АССР Халық Комиссарлары Кеңесі, Қазақ АССР Жоғарғы Кеңесі мен Министрлер Кеңесі, халық комиссариаттары, министрліктері және 1919-1991 жж. басқа республикалық ұйымдар қорлары. Кеңес кезеңіндегі құжаттарда тіркелген деректер республика өнеркәсібі базасының қалыптасуының негізгі кезеңдерін, көпсалалы экономиканың құрылуы, тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңдерін, мәдени құрылыс барысы мен ерекшеліктерін, республиканың халық санындағы демографиялық және этникалық өзгерістерін айқындайды. Қазақстанда тоталитарлық тәртіпті орнату, мүлікті тәркілеу және байлар мен жартылай феодалдарды жер аударту, жаппай ұжымдастыруды жүргізудің барысы мен ерекшеліктері және соған байланысты XX ғ. 30 жж. ашаршылығы сияқты бұрын жабулы болған тақырыптар бойынша деректер сақталған қорлар материалдары бүгінгі таңда ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Сонымен қатар жаппай саяси репрессиялар, әсіресе қазақ ұлттық зиялылары тарапындағы репрессиялар туралы деректерді қамтитын құжаттар бар. Танымал мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, сүретшілер, композиторлар, әртістер, журналистердің (Қ.И. Сәтпаев, И. Омаров, Ш. Чокин, Е. Бекмаханов, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С.Мұқанов, Б. Момышұлы, Н. Анов, Д. Снегин, О. Сүлейменов, А. Затаевич, Е. Брусиловский, А. Жұбанов, К. Байсейітова, Р. Бағланова, А. Кастеев, С. Калмыков және көптеген басқаларының) жеке қорлары өздік бір кешенді құрап отыр. Бүгінгі таңда мұрағатта 70 мыңнан астам істі қамтитын 250 астам мұрағаттық қор сақталуда. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығын тойлау кезінде елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан мұрағат қызметіне «Жаңа Сарбонна - Париж III» Шығыс тілдері университетінің (Франция) Университетаралық кітапханасында сақталудағы Мұстафа Шоқай құжаттарының микрофильмдерін табыстауы көрнекті оқиғаға айналып, біздің елдің және шетелдік ғылыми және мәдени орталарында айтарлықтай резонанс тудырды. Мұстафа Шоқай мәдени мұрасының өз Отанына оралуы Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар XV-XX ғғ. Қазақстан тарихы бойынша мұрағаттық құжаттарды іздестіру мен оларды шет мемлекеттер мұрағаттары мен ғылыми мекемелерінен қайтаруға байланысты қомақты да ықтиятты жұмысты талап ететін жұмыс бастамасының белгісі болды. 2007 жылға дейін ресейлік мұрағаттардан Қазақстан тарихының әртүрлі қырлары бойынша 1289 сақталу бірлігі алынды. Заманауи кезеңде мұрағат қызметі Орталық мемлекеттік мұрағат Жарғысына сай функцияларды және жоспарланған жұмыс көлемін орындауға, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан хылқына «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» жолдауы белгілеген міндеттерді, нормативтік-құқықтық актілерді және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ақпарат және мұрағат комитетінің ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарын орындауға бағытталған. Мұрағат қызметінің ең маңызды бағыты болып құжаттар сақталуын қамтамасыз ету қала береді. Мұрағат қызметкерлері қор қоймалардағы температуралық-ылғалдық тәртіп бақылауы мен оның оңтайландыруын күнделікті жүргізеді, құжаттардың болуын тексеріп, аса құнды құжаттарды анықтаумен, құжаттардың сақтандыру қорын жасаумен, істерді берумен және мұрағаттың болуы онсыз мүмкін болмайтын көптеген басқа жұмыстарды орындаумен айналысады.
|
|
|
Онлайн көрмесі |
Барлығын көрсету | Б.Римованың туғанына 100 жыл толуы кұрметіне жеке тектік қоры құжаттарынан көрме |

| Николай Степанович Душкин-ақын, прозашы, журналист (Туғанына 100 жыл) |

|
|
|
Мемлекеттік рәміздер |
Барлығын көрсету | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
.png) |
|
|
|