Конференциялар |
17 ақпан 2023 жыл |
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері болған Қабылбек Сарымолдаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Түркі-қазақ болашағы үшін күрес және Қабылбек Сарымолдаев» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
| 28 желтоқсан 2022 жыл |
«Қазақстандағы тұлғатанудың өзекті мәселелері және Ыдырыс Көшкінұлы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
| 2022 жыл 20 желтоқсанын |
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен "Архившілер күні" мерекесіне орай, "Шетел архиві деректеріндегі Қазақстан тарихы: мәселе және жобалар" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
| 2022 жыл 9 желтоқсан |
Белгілі ғалым, көрнекті тарихшы Қайдар Сейсембайұлы Алдажұмановтың 80 жылдық мерейтойына арналған "ХХ ғасырдағы Отан тарихы: өзекті мәселелері және жаңа ұстанымдар" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
|
|
|
|
 Мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының назарларына. Қазақстан Орталық мемлекеттік мұрағаты құжаттарды мұрағаттық сақтауға алуды ұйымдастыру, құжаттық іс жүргізу, құжаттаманы басқару мәселелері бойынша түсініктеме береді. Мұрағат құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеуден өткізеді. Мұрағат ісі саласында біліктілікті көтеру курстарын жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша тақырыптық және генеалогиялық сипаттағы анық-тамалар береді. Азаматтар мен мекемелер сұраныстары бойынша, оларды әлеуметтік-құқықтық қамсыздандыру мақсатында сақтауда бар мұрағаттық құжаттар негізінде еңбек өтілі, жалақы мөлшері және тағы да басқа мәселелер бойынша анықтамалар береді.
| Кәсіпорындар назарына!
|
 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат Министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Орталық мемлекеттік мұрағаты «Ұйымдардың ведомстволық және меншік мұрағаттары құжаттарын сақтау, есепке алу және пайдалануды ұйымдастыру» курстарын жүргізеді. Ұйымдардың құжаттамалық қызметтерінің және ведомстволық мұрағаттарының қызметкерлерін, офис-менеджерлерді, хатшыларды, хатшы-референттерді және т. б. шақырамыз. Тыңдаушылар құжаттармен жұмыс жасауда, соның ішінде электронды тасымалдуыштардағы теориялық және практикалық дағдыларды алады. Курстың әдістемесі Қазақстан Республикасының мұрағат саласындағы заңнамалық және заңға қосымша нормативтік-құқықтық нормаларын пайдалануға негізделеді. Дайындалған таратуға арналған пакет олардың күнделікті практикалық қызметінде аса құнды көмек көрсетпек. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат табыс етіледі. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Абай даңғ., 39, байланыс телефоны 272-03-34.
|
|
Құжаттарды стандартты архивтік өңдеуге не кіреді: 1. Құжаттарды сақтау мерзімі бойынша іріктеу және жүйелеу: - бухгалтерлік құжаттар – 5 жылға дейін - жеке құрам құжаттары – 75 жасқа дейін - негізгі қызметі туралы құжаттар – тұрақты (ұйым таратылғанға дейін) 2. Мерзімі өткен құжаттарды іріктеу және жою: - құжаттарды жоюға беру туралы акт жасау 3. Өңделген құжаттарды түптеу және пішімдеу: - істер тізімдемесінің қағаз және электронды нұсқаларын ұсыну - құжаттарды түптеу - істің мұқабасын безендіре отырып, архивтік мөртабандарды штамптау 4. Жұмыс қай жерде орындалады: - клиенттің территориясында 5. Біздің қызметкерлер қалай жұмыс істейді: - әрбір клиенттің қажеттіліктеріне жеке көзқараспен жұмыс істейді - телефон арқылы кеңес береді - құжаттардың көлемін зерттей отырып, жұмыстың кешенді құнын есептейді
| Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесіне
|
"Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе үзінді көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін алу үшін жеке және заңды тұлғалар мына мекенжайға жүгіне алады: 1.Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің кеңсесіне ( 050000, Алматы қаласы, Абай даңғылы,39; cga_rk@mail.ru) 2.Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы 3.«Электрондық үкімет» www.egov.kz; E-Otinish.kz; e-archive; веб-порталы арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінішті қабылдау Мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» порталы арқылы алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет 1.Электрондық браузердің мекенжай жолына> www.egov.kz мекенжайды енгізу керек 2.Электрондық порталдың басты бетінде > "КІРУ"сілтемесін басу арқылы жеке кабинетке кіруді орындайсыз. 3.Ұсынылған нұсқаларда «ЭЦҚ» қойындысын таңдап, «Сертификатты» таңдау батырмасын басыңыз. 4. «Сертификатты» таңдау үшін жолды көрсету қажет электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық қалтаға жеке құпия сөзді енгізу және жүйеге кіру терезесінде пайда болған файлды таңдаңыз. 5. «АРХИВТІК АНЫҚТАМА» - деп Іздеу жолына енгізесіз. 6. "АРХИВТІК АНЫҚТАМАЛАР» беру деген жолды таңдап Қазақстан Республикасының Ұлттық архив "Орталық мемлекеттік архивтер" ары қарай сілтеме бойынша > Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің "Орталық мемлекеттік архив" РММ- деген сілтемені таңдайсыз РММ (ҚР ОМА). 7. "ҚЫЗМЕТКЕ ОНЛАЙН ТАПСЫРЫС БЕРУ" батырмасын басу керек. 8.Бұдан әрі берілген нысандар бойынша кестені толтыру қажет. 9. Жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесін, уәкілетті өкіл жүгінген кезде өкілеттікті куәландыратын құжатты немесе үшінші тұлғаның құжаттын алуға құқығы бар нотариалды куәландырылған сенімхатты енгізу қажет. Жұмыс өтілі туралы мәліметтерді сұратқан кезде еңбек кітапшасының көшірмесін > "ҚОСУ"батырмасымен жапсырылады. 10. Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылады. 11. Көрсетілген қызметтің нәтижесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік архив (ҚР ОМА) пошта арқылы көрсетілген мекенжайға немесе көрсетілетін қызметті алушыға жеке беріледі. ЕOtinish.kz қалай қолдану керек? Өтінішті egov.kz порталы, Е-Otinish, Aitu мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. 1. Электрондық браузердің мекенжай жолына> www.egov.kz мекенжайды енгізу керек. Электрондық порталдың басты бетінде > "КІРУ"сілтемесін басу арқылы жеке кабинетке кіруді орындайсыз. EOtinish.kz тіркелу және кіруді таңдаңыз. БІРІНШІ ҚАДАМ.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ – таңдаңыз сосын өтініш жазыңыз. ЕКІНШІ ҚАДАМ. Смартфонның алдыңғы камерасы арқылы Digital ЭЦҚ цифрлық сәйкестендіру арқылы өтінішке қажетті құжаттарды тіркеңіз. ҮШІНШІ ҚАДАМ. Aitu – дан SMS немесе push-хабарлама түрінде жауап дайындығы күйін алыңыз. Құрметті талапкер! Жұмыс өтілін, лауазымдық жалақысын, марапаттауды, ғылыми дәрежелер мен атақтар беруді және т.б. растауға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі жеке басын куәландыратын құжатты не құжатты алуға нотариат куәландырған сенімхатты үшінші тарап ұсынады. Өтініш берген кезде қандай архивтік анықтама алғыңыз келетінін көрсету қажет. Тегі (қыз кезіндегі тегі), аты, әкесінің аты (бар болса, ақпарат сұратылатын адамның туған күні) ақпарат сұратылатын кезең), (күні, айы, жылы) көрсетіңіз. Бар болған жағдайда сұратылған ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін қоса береді.
|
|
Онлайн көрмесі |
Барлығын көрсету | Б.Римованың туғанына 100 жыл толуы кұрметіне жеке тектік қоры құжаттарынан көрме |

| Николай Степанович Душкин-ақын, прозашы, журналист (Туғанына 100 жыл) |

|
|
|
Мемлекеттік рәміздер |
Барлығын көрсету | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
.png) |
|
|
|