Мемлекеттік рәміздер |
| Барлығын көрсету | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген...
|
|
|
|
|
|
|
| 2026 ЖЫЛДЫҢ 7 ШІЛДЕСІНДЕ ҚАЗАҚ КСР-ІНІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ СЕРАФИМ ПАВЛОВИЧ АССУИРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ ТОЛДЫ! |
|
 |
Серафим Павлович Қазақ КСР-інің Республикалық орыс драма театрында 1934 жылдан бастап қызмет етті. Алматы қаласындағы орыс драма театрының негізін қалаушылардың бірі және осы театрдың жетекші әртісі бола жүріп, өзінің шығармашылық ғұмырында бірқатар жарқын бейнелерді сомдап, 200-ден астам әртүрлі рөлдерді ойнады.
С.П. Ассуировтың жеке қорындағы құжаттық материалдар Орталық мемлекеттік архивіне 1965 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Ю. Л. Рутковскийдің сыйға тартуы негізінде мемлекеттік сақтауға қабылданды. Қорда әртістің сомдаған рөлдеріндегі фотосуреттері, қатысқан спектакльдердің сахналық көріністері және басқа да материалдар сақталған. |
|
|
| ҚАЗАҚ КСР-ІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ГИДРОТЕХНИГІ, ӨЗБЕКСТАН МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ |
|
 |
Дүйсенқұл Сарықұлұлы Сарықұлов ‒ 1906 жылы Отырар ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1923 жылы қойшының көмекшісі болып бастаған. Кейін Өзбекстан Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің Ташкент округтік комитетінде бөлім меңгерушісі, Ташкент қаласындағы Пролетар аудандық Өзбекстан Коммунистік партиясы комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
1942–1952 жылдары Д.С. Сарықұлов Өзбек КСР Ет және сүт өнеркәсібі министрі қызметін атқарды. 1952 жылғы тамыздан бастап Ташкент облысындағы Шейхантаур су электр станциясы құрылысының бастығы болды. Осы кезеңде Өзбекстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Тексеру комиссиясының мүшесі және Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1953–1955 жылдары Мәскеу қаласындағы КСРО Электростанциялар министрлігінің Бүкілодақтық энергетика академиясының екі жылдық курстарында білім алды.
1955 жылы Қырғыз КСР Қалалық және кенттік құрылыс министрінің орынбасары қызметін атқарды.
1956 жылдың күзінен бастап Қазақстанда еңбек етті. Қазақ КСР Су шаруашылығы министрінің орынбасары, «Қазголоднострой» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Шымкент облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланды.
1958 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас су шаруашылығы басқармасының (Главводхоз) бастығы болып тағайындалды, ал 1960 жылдан Қазақ КСР Су шаруашылығы министрі қызметін атқарды. Осы жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің V шақырылым депутаты, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті мүшелігіне кандидат және Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды.
1963–1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1965 жылы ірі ирригациялық жүйелер мен суландыру құрылыстарын жобалаумен айналысқан «Қазгипроводхоз» жобалау институтының директоры болып тағайындалды.
1966 жылы «Қазақстанның оңтүстігінде суарудың еңбек өнімділігін арттырудағы рөлі» тақырыбында диссертация қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
Д.С. Сарықұлов «Қазақстан жайылымдарын суландыру жолдары», «Жер қорының өнімділігін арттырудағы суарудың рөлі», «Қазақстанның су шаруашылығы құрылысы» және басқа да еңбектердің авторы. Оның қаламынан суармалы егіншіліктің қазіргі жай-күйі, суармалы жерлердің сандық және сапалық көрсеткіштері, олардың аумақтық орналасуы мәселелерін қамтитын сексеннен астам ғылыми еңбек жарық көрді.
Д.С. Сарықұловтың Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. 1957 жылы оған «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген гидротехнигі» құрметті атағы берілді. Ол үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталды.
Д.С. Сарықұловтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1979, 1981–1983 жылдары сыйға тарту негізінде бірнеше кезеңмен қабылданды. Осы құжаттар негізінде 1-ші және 2-ші тізімдемелер жасалып, тізімдемеге 1927-1985 және 1923-1994 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген. |
|
|
| БАЛЕТ ӘРТІСІ РАЗИЯ ДӘУЛЕТҒАЛИЕВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 105 ЖЫЛ! |
|
 |
Дәулетғалиева Разия Мамаджанқызы ‒ 1921 жылы Алматы қаласында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі Мамаджан Ибрагимов Верный қаласында Кеңес өкіметін орнату ісіне белсене қатысқан.
Биші ретіндегі жарқын әрі дара таланты ерте танылды. Мектептің 4-сыныбынан бастап көркемөнерпаздар байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1937–1940 жылдары Пионерлер үйіндегі би үйірмесінде тәлім алды. Көркемөнерпаздардың республикалық олимпиадасында қазақ, ұйғыр және өзбек халық билерін жоғары шеберлікпен орындағаны үшін екі мәрте жүлделі орын иеленді. Олимпиада қазылар алқасының ұсынысымен Қазақ мемлекеттік филармониясына әртіс ретінде қабылданды. Осы кезеңнен бастап оның кәсіби шығармашылық қызметі бастау алды. Көркемөнерпаздар қатарынан шығып, «Қазақконцерт» бірлестігі мен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында балеттің жеке бишісі дәрежесіне дейін өсті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Разия Мамаджанқызы Қазақстан өнер қайраткерлері құрамында Екінші Прибалтика майданының әскери бөлімдерінде концерттік бағдарламалармен өнер көрсетті. Майдан қолбасшылығы оның табысты концерттік қызметі үшін алғыс жариялады.
1947–1952 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы әйелдер ансамблінің солисі болды. 1953–1961 жылдары қайтадан «Қазақконцерт» бірлестігінің балет солисі қызметін атқарды. Осы кезеңде шопандарға, Кеңес Армиясының әскери қызметшілеріне және республика еңбекшілеріне арналған мәдени қызмет көрсету ісіне белсене қатысты. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне белсенді қатысып, өнер көрсетті.
Разия Мамаджанқызы Дәулетғалиева «Еңбектегі айырмашылығы үшін» медалімен марапатталған. Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне мәдени қызмет көрсету ісіндегі еңбегі үшін «Үздік қызметкер» төсбелгісімен наградталды. Сонымен қатар көптеген алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1961 жылы аудандық Кеңестің депутаты болып сайланды. Сол жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін өзінің мол шығармашылық және педагогикалық тәжірибесін жас ұрпаққа үйретуге арнады.
Разия Мамаджанқызы Дәулетғалиеваның жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1969 жылғы 22 шілдеде сыйға тарту негізінде қабылданды. 1974 жылы қор құжаттары қосымша материалдармен толықтырылды. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1933-1974 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген. |
|
|
| ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ СПОРТ КОММЕНТАТОРЫ, СПОРТ ЖУРНАЛИСІ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ СПОРТ ҚАЙРАТКЕРІ ҚАРАТАЕВ СҰЛТАНҒАЛИ ҚАРАТАЙҰЛЫНЫҢ |
|
 |
Тұңғыш қазақ тіліндегі спорт комментаторы, Қазақстан спортының құрметті қайраткері, тележурналист, С. Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаевты көпшілік біле бермейді. Өмірінің біраз жылын қазақ тілін және де спорттың қазақ тілінде сөйлеуіне жанашырлық танытып, сол үшін қыруар жұмыс атқарған. Кеңестік кезеңде спортты қазақ тілінде сөйлету былай тұрсын, жалпы қазақ тіліне деген көзқарастың қиын кезеңіне қарамай алғаш қазақ тілінде алғаш репортаж жүргізген.
Сұлтанғали Қаратайұлы 1936 жылы 23 маусымда Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би) ауданына қарасты Ақкөл ауылында дүниеге келген. Әкесі Қаратай «Ақкөл» ұжымшарын алғаш ұйымдастырып, көп жыл сол ұжымшарды басқарған. 1942 жылы Ақтөбе облысының Қарабұтақ аудандық әскери комиссариатынан майданға шақырылып, 1943 жылы Воронеж түбінде қаза тапқан. Анасы Айдана жан-жарының майданнан ормалмауынан құса болып, ауруға шалдыққан анасынан 5 сыныпта оқып жүрген кезінде айырылған. Тұл жетім қалған жеті баланың бірі -Сұлтанғали Қаратайұлы аға-жеңгесі Молдағали мен Алтынның қолында тәрбиеленеді. Мектепте оқып жүрген кезінде «Қарабұтақ» ауданының «Колхоз» жолы газетінде алғаш мақалалары жарық көрді. Кейін «Лениншіл жас», (қазіргі «Жас Алаш») пен «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жиі мақалалары шығып тұрған. Мектепте оқып жүрген кезінде бокс, шахмат, дойбы, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлеріне қатысқан. Сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін, лагерьге дене шынықтыру жетекшісі ретінде жіберіледі. Спортқа алғаш бауыр басу осылай басталған.
1956 жылы орта мектепті үздік бітіріп, 1957 жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің ( қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетіне оқуға түсіп, 1962 жылы үздік дипломмен аяқтайды.
Өмірлік жары Мәрияш Рамазанқызын 1959 жылы студенттік сапармен Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Орта Азия және Қазақстан университеттерінің студенттері арасындағы конференциясында жолықтырған екен. Ол конференцияда фразеологизм тақырыбында баяндама жасап, Өзбекстан мемлекеттік университет ректораты құрмет грамотасымен марапатталған3. Ана тілі газетіне берген сұхбатында «Бізді табыстырған Самарқанд қаласын ойласам, әлі күнге дейін жүрегімде жылылық пайда болады. Алғаш таныстығымыз үлкен махаббатқа ұласты» деп айтып кеткендей Мәрияш Рамазанқызымен отасып, үлгілі отбасын құрып, бала-шағасына да жақсы тәрбие беріп өсірген.
С. Қаратайұлының «Өткендерім мен өткелдерім» атты қысқаша өмірдерегінде «...Университетті бітірісімен жолдама алып, Жамбыл облысында орта мектепте мұғалім болдым. 1963 жылдан бастап бірыңғай журналистікке ден қойдым. Әуелі Қазақ радиосында, содан соң Қазақ теледидарында қызмет атқарып жүріп, хабар ұйымдастыру мақсатымен Қазақстанның барлық облысын араладым. 1964 жылы радиода тұңғыш рет ашылған штаттық орынға – қазақ тіліндегі спорт комментаторлығына тағайындалдым..» деп көрсеткен.
15 жылға жуық Қазақ телерадиосында қызмет атқарады. Алғаш журналистік қызметі радиодан басталып, теледидарға жалғасады.
1980 жылы КСРО журналистер Одағына мүшелікке қабылданады.
Қазақстан спорт журналистикасының көшін бастаған, спорт жарыстарына барып, көргендерін қалың оқырманға ұсынып, шығармашылық еңбегінің нәтижесінде футбол, хоккей бағдарламаларын тұңғыш рет қазақ тілінде шығарды.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне Сұлтанғали Қаратайұлы Қаратаев жеке қорының құжаттарын 2013 жылы өзі сый ретінде тапсырған. Құжаттары 1954-2015 жылдар аралығын қамтитын өмірбаяндық, қызметіне қатысты, хаттар, шығармашылық, С. Қаратаев туралы, фотоқұжаттары және жинаған құжаттары бар. |
|
|
| 2026 ЖЫЛДЫҢ 14 МАУСЫМЫНДА ҚАЗАҚСТАН КСР-ІНІҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚСТАН КСР-І БОЙЫНША БҮКІЛОДАҚТЫҚ РАДИОНЫҢ АРНАЙЫ ТІЛШІСІ, ЖУРНАЛИСТ |
|
 |
Илья Маркович Парецкийдің жеке архиві 1984 жылы жұбайының сыйға тартуымен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне мемлекеттік сақтауға қабылданды. Құжаттық мұра құрамында жазба мақалаларының қолжазбалары, радиохикаялар, радиорепортаждар, өмірбаяндық сипаттағы құжаттар, рецензиялар, фотоқұжаттардың түпнұсқалары бар |
|
| |
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
.png) |
|
|
Тоқта сыбайлас жемқорлық |
 |
| ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады: |
| Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна. |
| телефон:8(727)2720334 |
| мобильный:8(701)4816169 |
|
|
|