Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
04-06-2020

Балалар күніне арналған байқау қорытындыланды
«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Қазақстан Республикасы...
31-05-2020

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қазақстанда, 1997 жылдан бері, жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске...
22-05-2020

Архив мамандары марапатталды
21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан...
20-05-2020

Өртке қарсы құрылғылар тексерілді
Өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын орындау, өрттің алдын алу және...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында
Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архивінің» ұйымдастыруымен «Ұлы Отан - соғысы архив құжаттарында. Құпиясызданған құжаттар» атты көрме мен дөңгелек үстел өтті. Ұлы Отан соғысы жайлы тың деректер мен беймәлім мәліметтер жарияланған көрме жайлы ҚР МжСМ «Орталық мемлекеттік архив» директоры Қарымсақов Арнұр Жасабекұлымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
- Арнұр Жасабекұлы, әңгімеміздің әлқиссасын Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шара мен дүйім жұртқа жарияланған Ұлы Отан соғысына қатысты мұрағат құжаттары жөнінде бастасақ.
Орталық мемлекеттік архив республика бойынша ең ауқымды әрі көне мұрағаттар қатарында. Бүгінде архив қорында сонау 16 ғасырдан бергі жинақталған бір жарым миллионға жуық құжаттар сақтаулы. Архивте қағаз құжаттармен қатар, фото, фоно, киноқұжаттар, ноталық жазбалар мен кескіндеме құжаттар, хаттар, арнау-өлеңдері, кітаптар, тіпті орден-медаль сынды көптеген жәдігерлер мен құнды құжаттардың түпнұсқасы бар. Біз Ұлы Отан соғысына қатысты бірталай тың деректерді көпшілік назарына ұсынуды жөн көріп, ашық көрме ұйымдастырдық. Қан майданда айқасқан қас батырларымыздың есімі тарихта алтын әріппен қашалуы тиіс. Сондықтан, осы көрмемізде құпиясыздандырылған құжаттарды жарияладық. Аты әлемге әйгілі Бауыржан Момышұлы (полковник, Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан), Мәлік Ғабдуллин (панфиловшы, саяси жетекші), Дмитрий Снегин (Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан, жазушы), Талғат Бегельдинов (екі мәрте қаһарман атағын алған ұшқыш), Рақымжан Қошқарбаев (Рейхстагқа алғашқы боп ту тіккен), Алия Молдағұлова (мерген), Мәншүк Мәметова (пулиметші), Хыйуаз Доспанова (қазақтан тұңғыш рет шыққан ұшқыш-қыз) секілді бірқатар жауынгерлерімізден бастап, есімі елеусіз қалған ерен ерлерімізді де атап көрсетіп, деректерін жарыққа шығардық. Танымал тарихи-жазушы Ілияс Есенберлинннің Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысқан майдангер екенін бірі білсе, бірі біле бермейтін болар. Біз соғысқа қатысқан ақын-жазушыларымыз бен суретшілеріміздің, әнші-композиторларымыздың құжаттарын көрмеге шығардық. Атап айтқанда, майданда зеңбірекші болған жазушымыз Әзілхан Нұршайқов, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың жазбаларын, хаттары мен суреттерін, естеліктерін көрсеттік. Белгілі композитор, ҚазКСР-нің халық артісі Латиф Хамидидің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін алған төрт медалі көрмеге қойылды.
- Құпиясызданған құжаттарды жарияладық дедіңіз. Ол нендей құжаттар?
Орталық мемлекеттік архив Ұлы Отан соғысына қатысты жан-жақты деректерді жинауды қолға алған болатын. Жауынгерлердің ұрпағы архивке талай құжаттарды алып келді. Мәселен, осы дөңгелек үстелге 28 панфиловшылардың бірі, Кеңес Одағының Батыры Гаврил Митиннің қызы Митина-Сатимбекова Любовь Гавриловна, сонымен қатар 100-інші атқыштар бригадасының жауынгері Закен Тәкіжбаевтың қызы Тәкіжбаева Найля Закенқызы қатысты. Олар әкелеріне қатысты талай құнды деретерді табыстаған болатын. Осылайша біз Ұлы Отан соғысына қатысты құнды деректерді мейлінше толықтырдық. Көрмеге хронологиялық көрсеткіші бойынша соғысқа дейінгі 1938 жылдан бастап 1945 жылға дейінгі аралықтағы құжаттар қойылды. Соның ішінде құпиясызданған құжаттар да бар. Халықты Қызыл әскер қатарына алу, мобилизациялау, 316-шы атқыштар дивизиясы (8 панфиловтік гвардиялық атқыштар дивизиясы), 100 және 101 Қазақ жеке атқыштар бригадасы жайлы деректерді мәлім еттік.
- Құнды құжаттарды ашық түрде жариялау қаншалықты жүзеге асып жатыр?
Орталық мемлекеттік архив жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында ашық көрме ұйымдастырып келеді. Биыл да көрмеміз бен дөңгелек үстелді мейлінше кең ауқымда ұйымдастырдық. Көрмеге соғыс ардагерлері, ғалымдар, архивистер, әскерилер, өлкетанушылар, Қырғызстан Консулдығы, ЮНЕСКО өкілдері мен бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері, еліміздегі кітапханар мен жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттері қатысты. Тағы бір атап өтерлігі, ел тізгіні, бүгінгі сарбаздарымыздың мойнында емес пе, тарихтан үлгі алсын деген үмітпен Құрлық әскери институттарының қызметкерлерін, курсантттарын да арнайы шақырдық. Орталық архив ғимаратының әрбір қабатына қойылған көрмені арнайы таныстырып, жеке-жеке түсіндіріп, сол бір сұрапыл майдан жайлы ой салуға тырыстық. Әлбетте, соғыс жауынгерлері өткерген азап пен ауырлықты тілмен айтып жеткізе алмасақ та, тарихқа таңба боп түскен құжаттар мен суреттер бүгінгі сарбаздарымыздың көкейіне қашалып жазылар деген үміт көп.
- Ұлы Отан соғысы жайлы деректерге ғалымдардың қызығушылығы қандай?
Ғалымдардың архив қорын ғылыми еңбектеріне қолдануы үшін барлық жағдай жасалған. Архивтік қорда сақтаулы деректермен танысып қана қоймай, қолдануға да мүмкіндік бар. Бүгінде архивте сақтаулы жеке қор деректерінің көшірмесі мемлекеттік, республикалық, облыстық деңгейдегі мәдениет орындарына, архивтер мен мұражайларға түрлі іс-шаралар жүргізу үшін пайдалануға беріліп келеді.
Ғалымдар құжаттармен танысып қана қоймай, ғылыми еңбектеріне қолдана алады. Мәселен, Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ахметова Ләйлә Сейсембекқызымен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрміз. Әкесі Сейсембек Ахметов Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер. Ләйлә Сейсембекқызы 28 панфиловшылар туралы зерттеу жүргізіп, екі тарихи кітапты жарыққа шығарған ғалым. «Ерлік жолымен» зерттеу орталығының бас директоры Дина Игсатовамен де қарым-қатынасымыз түзу.
- Мұрағат құжаттарын көпшілікке насихаттаудың ең тиімді жолы – деректі фильм түсіру болса керек. Фильм түсіру мәселесіне қалай қарайсыздар?
Сөз басында айтып өткенімдей, Орталық архивте киноқұжаттар да бар. Мәселен, дөңгелек үстел барысында «Стертые имена» атты деректі фильм көрсеттік. 100 және 101 Қазақ жеке атқыштар бригадасының құрылуы және оның майдан жолы тарихын бейнелейтін бұл фильмді 2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архивінің» тапсырысымен КТК телеарнасы түсірген болатын. Мұндай деректі фильмдер қорымызда бар. Алдағы уақытта да, фильм түсіру ісі жалғасады деп ойлаймын.
Халық даналығы «Тарихы жоқ елдің – болашағы жоқ» дейді. Ендеше, тарихқа түскен құнды құжаттарымызды ұрпаққа мұра етіп қалдыру мақсатымыз. Өткен күннен үлгі болсын.
-Әңгімеңізге рахмет

Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group