Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
04-06-2020

Балалар күніне арналған байқау қорытындыланды
«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Қазақстан Республикасы...
31-05-2020

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қазақстанда, 1997 жылдан бері, жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске...
22-05-2020

Архив мамандары марапатталды
21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан...
20-05-2020

Өртке қарсы құрылғылар тексерілді
Өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын орындау, өрттің алдын алу және...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Қазақстанның қымызбен емдейтін шипажайлары

Қымыз – ертеден келе жатқан сусын болып табылады. Тарихи деректерге сүйенсек, қымыз дайындауды алғаш болып 5500 жыл бұрын, энеолит дәуірінде қазақ және монғол даласындағы халықтар үйренген. Бұл деректерді Ботай қонысында табылған алғаш қолға үйретілген жылқы сүйектері мен ыдыстарда табылған қымыздың іздері дәлелдейді.
Қымыз аштық пен шөлді басып, ағзаға тез сіңімді қасиеттерге ие кішіден бастап үлкенге дейін қолданған, халқымыздың күнделікті ас мәзірінің ертеден келе жатқан азығының бірі болған. Сонымен бірге, қымыз ағзаны қажетті заттармен толықтырып, түрлі инфекцияларға төтеп беру, имунитетті жоғарылату, зат алмасу процесін жақсарту, ағзаны қуттандырып, әлдендіру секілді қасиеттерге ие.
Қымыздың түрлі ауру, сырқаттарды емдеудегі ерекше қасиеттері де қазақ халқына бұрыннан белгілі. Алғаш қымызбен емдеу орындары XIX ғасырдың ортасында ашыла бастаса, ХХ ғасырдың 20-30ж жылдарында емнің бұл түрі ғылыми негізделе отырып, Қазақстан, Башқұртстан, Қырғызстан, Бурятия және т.б. мемлекеттерінің территорияларында қымызбен емдеу орындары, кейінірек шипажайлар ашыла бастайды. Қазақстанның қымызбен емдеу шипажайлары әрқашан өзінің сапасы мен молдығымен ерекшеленіп отырған.
Бұл постта Қазақ КСР кезеңінде жұмыс істеген қымызбен емдейтін шипажайлар туралы фотоқұжаттар мен мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.
Атап айтқанда, сол дәуірде Қазақстан территориясында республикалық деңгейдегі бірнеше қымызбен емдеу орындары болған, соның ішінде «Каменское плато», «Бурабай», «Аул» шипажайлары және тағы да басқа кәсіподақтар негізінде ұйымдастырылған емдеу орындарын атауға болады. Аталғандардың ішіндегі көлемділеріне тоқталсақ...
Республикамыздың ең ірі шипажайларының бірі болып саналатын «Бурабайда» қымызбен емдеу ісі 1920 жылдардан бастап кеңінен қолданыла бастайды. Бұл шипажайда туберкулез ауруын емдеу барысында жалпы медициналық процедуралармен қатар қымыз қабылдау емдік шаралары өтізіліп отырған. Мысалы, емделушінің медициналық көрсеткіштеріне негізделе отырып дәрігерлер қымыздың көлемі мен сапасын белгілеп, соған қарай, сұрыпталған, күшіне енген қою, орташа немесе сұйық қымыз белгілеп отырған. Сусын емделушілерге күнделікті арнайы талонмен беріліп, бастапқы екі күні қымыздың тәуліктік нормасы 0,5 литрді құраған, ал кейінгі күндері емделуші ағзасының жалпы реакциясына қарай 1,5 литрге дейін көтеріп отырған. Дегенмен, соғыс жылдарында шипажайларда қымыздың күнделікті нормасын сақтап қалу мүмкін болмады, өйткені азық-түліктің көп бөлігі майданға жіберіліп отырды.
«Каменское плато» шипажайы да табиғи емдік іс-шараларымен бірге қымызбен емдеуді жүзеге асыратын орындардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл шипажайдың ерекшеліктерінің бірі болып – киіз үйлер саналған. Атап айтқанда, емделушілерді ем алу барысында киіз үйлерге орналастыру арқылы, таудың құрғақ таза ауасы, инсоляциялық емі, тәулік бойы ашық ауада уақыт өткізу көмегімен, сырқаттарды сауықтырудағы оңтайлы профилактикалық емі болып саналған. Аталған фаторларды ескере келе, бұл шипажайдың есептеріне үңілсек, қымыз емін қабылдаған емделушілерде келесідей прогресті байқауға болады: ағзаның жалпы тонусының жақсаруы, жөтел мен өкпедегі ылғалдың және қалыпты жоғары температураны төмендеуі, гемоглобин көрсеткіштері мен салмақтың жоғарылауы.
Айта кететін жайт, қазақстандық қымызбен емдеу шипажайларына Кеңес Одағының шалғай аумақтарынан әуесқой емделушілер арнайы келіп отырған. Алайда, қымыз сауылмайтын күздік және қыстық маусымға тап келген бетте қабылдаған сауықтыру шараларынан қанағаттанбай, көңілдері толмайтын шақтары болғанды.
Бұл шипажайларда қымызбен емдеу ісінің қазіргі заманда да жалғасын тапқанын атап айтқан жөн. Бұл үрдіспен тоқтап қоймай, қазіргі уақытта қымызбен емдеу орындарының саны жылдан-жылға Қазақстанның барлық аймақтарында ақырындап артып келе жатқанын да байқауға болады.


Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген....

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group