Жаңалықтар » Центральный государственный архив республики Казахстан
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«Орталық мемлекеттік архив»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіҚызмет көрсетуИнтернет-қабылдауЫнтымақтастықАрхив тарихыМемлекеттік рәміздер
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
02-05-2024
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі
 

02-05-2024
СӘУЛЕБЕК РҮСТЕМОВТЫҢ ЖИНАҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
  2024 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі...

30-04-2024
Архивистер арасында волейболдан турнир өтті
  2024 жылдың 27 сәуірінде Қазақ ұлттық университеті студенттері арасында Қазақстан...

Онлайн көрмесі
Барлығын көрсету



Мемлекеттік рәміздер
Барлығын көрсету
 
  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
 
Жаңалықтар
Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Орталық мемлекеттік архиві" директоры Қарымсақов А.Ж. Елордамызға жасаған іс-сапары барысында, елбасымыздың жолдауындағы "Архив-2025" бағдарламасына байланысты осы бағытты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының "Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына" арнайы ат басын бұрып, лаборатория ісімен танысып қайтты. Сондай-ақ осы аптаның соңында ашылғалы тұрған "Ислам коллиграфия өнері" атты көрме құжаттарын да тамашалауға мүмкіндігі болды.
 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл жастар жылы деп бекітуіне орай, ҚР МСМ «Орталық мемлекеттік архивінде» архив мамандары арасынан «Архивист жас ғалымдар» тобы құрылды.
 
  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамасымен белгілеген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архивінде» қызметкерлерге апаттық жағдайларда орын алған төтенше оқиғаларды жою, шұғыл шаралар қабылдау, адамдарды құтқару мақсатында арнайы оқу жаттығулары өткізілді. Мекемеде орнатылған газды өрт сөндіру жүйесінің қызметімен толықтай таныстырып, өрт кезінде құрылғы іске қосылған жағдайда қандай әрекетке көшу керектігі баяндалды.
 
ҚР МСМ «Орталық мемлекеттік архив» директоры А.Ж. Қарымсақов 23 қаңтарда архив мекемесінің барлық бөлім қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлермен жеке-жеке танысып, жұмыс барысын жақсарту үшін қандай сұраныстары бар екенін айқындап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта мемлекеттен бөлінетін ғылыми гранттарға қатысу жайын және баспа қызметін қарастыруды бөлім басшыларына ұсынды.
 
  Қазақстан Президенті іс-шара алдында жастардың киімдер, спортшыларға арналған тағамдар өндірісі мен интерактивті қызмет көрсету платформаларын құру жөніндегі бірқатар жобаларымен танысып, Үкіметке бұл бастамаларды жүзеге асыруды және ілгерілетуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
 
  2019 жылдың 11-ші қаңтарында ҚР МСМ «Орталық мемлекеттік архивінде» архив дирекциясының отырысы өтті. Отырыс барысында ОМА директоры А.Ж. Қарымсақов 2019 жылы архивтің атқаратын негізгі жұмыстарына қысқаша тоқталып, алға қойылған жоспарларымен таныстырып өтті.
 
  АО «Казтелерадио»
 
  2019 жылдың 18 қантарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ-нің заңды тұлғалардың архивтерімен жұмыс жасау бөлімінің қызметкерлері «Ұйымдардың ведомстволық (жеке) архивтеріне құрылымдық бөлімдердің құжаттарын тапсыру» тақырыбына «Казтелерадио» АҚ құрылымдық бөлімдердің қызметкерлеріне дәріс оқыды.
 
  2019 жылдың 14 қаңтарында ҚР МСМ Орталық мемлекеттік архив директоры Қарымсақов Арнұр Жасабекұлы архив құжаттарын сақтау көшірме жасау және қалпына келтіру бөлімінің жұмысымен толығымен танысып, өз тәжірбиесімен бөлісті
 
  Қазіргі таңда Санкт-Петербургта тұратын тау-кен инженері, өнеркәсіп ұйымдастырушы, журналист, киноактер, қоғам қайраткері Шерхан Абдиевич Абиловтың мемлекеттік сақтауға берген құжаттарына ғылыми сипаттама жасалғаннан кейін З. Тлеубердинаның «Страна и мир» атты қазақстандық қоғамдық-саяси апталық журналында «И это все о нем» атты мақаласы жарияланды.
 
  Қазақ КСР Ғылым академиясының (ҒА) корреспондент мүшесі, Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ғалым филолог, түркітанушы Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаевтың мемлекеттік сақтауға берген деректеріне ғылыми сипаттама жасалғаннан кейін З. Тлеубердинаның «Қазақстан архивтері» атты ақпараттық және ғылыми-практикалық журналында «Из плеяды выдающихся» атты мақала жарияланды.
 
Навигация
Тоқта сыбайлас жемқорлық
ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады:
Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна.
телефон:8(727)2720334
мобильный:8(701)4816169
Яндекс.Метрика Разработка и поддержка сайта - cga.kz