Биыл Қарсақбай мыс балқыту заводының құрылғанына 95 жыл
Қарсақбай мыс балқыту заводының құрылғанына 95 жыл толуына арналған онлайн-көрмеге қош келдіңіздер!
7 қараша 2023 жыл
Биыл Қарсақбай мыс балқыту зауытының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Бұл датаға 1928 жылдың 19 қазанында Жезқазған кенінен тұңғыш мыс алынып, 1928 жылдың 7 қарашасында Қарсақбай мыс балқыту комбинатының салтанатты түрде ресми ашылғандығы негіз болып отыр. Десек те, Орталық Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібінің алғашқы өндіріс орны болып табылатын Қарсақбайдың тарихы ертеректен басталатындығы баршамызға мәлім. Осы ретте назарларыңызға Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві қорларынан Қазақстан тарихында өзіндік орны бар Қарсақбай мыс балқыту заводының құрылуы мен қызметін фрагменттік түрде сипаттайтын архив құжаттарынан құрастырылған онлайн-көрмемен танысуға шақырамыз.
Көрме құжаттарына түсініктемелік комментарийлер беру мақсатында арасында академик Қаныш Сәтбаевтың жеке тектік мұрасынан және Қазақстан тарихының 4 томынан алынған Қарсақбай тарихына қатысты бағалы тұжырымдамалар келтірілді.
Онлайн форматындағы құжаттар көрмесін дайындаған Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ғылыми-ақпарат жұмысы және ғылыми-анықтамалық аппараты бөлімінің қызметкерлері: Г. М. Қаратаева, Қ.О. Алғабаева, И. Б. Қонысбекова және К. К. Сарқытбаева.