Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«Орталық мемлекеттік архив»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
Қаз | Рус
facebook instagram
НегізгіҚызмет көрсетуИнтернет-қабылдауЫнтымақтастықАрхив тарихыМемлекеттік рәміздер
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
09-05-2026
ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

08-05-2026
КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ!

07-05-2026
ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!

Онлайн көрмесі
Барлығын көрсету



Мемлекеттік рәміздер
Барлығын көрсету
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген...

Онлайн көрмесі
 
Қойшыбаев Макалим 1926 жылы 10 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, №14 ауылында дүниеге келген. Бала кезінен музыканы сүйіп өседі. Оның әуенге деген қабілеті мықты еді, әуендерді жаттап алып, оларды домбырада анық әрі оңай қайталап ойнай алатын.
1939 жылдан бастап Қойшыбаев Макалим Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде домбырашы болып қызмет атқарады. Бес жыл қызмет атқарғаннан кейін, 1944 жылы Қостанай облыстық филармониясына көркемдік жетекші болып жіберіледі, бір жыл жұмыс атқарғаннан соң, 1945-1949 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық филармониясында көркемдік жетекші қызметін атқарады.
1949-1952 жылдар аралығында Алматы музыкалық учелищесінің музыкалық-теориялық факультетінде оқып, оны үздік тәмамдады. Мемлекеттік комиссияның ұсынысы бойынша Алматы консерваториясының композиторлық бөліміне жолдама алып, оқумен қатар, ол қайтадан Құрманғазы атындағы оркестрде еңбек етіп, жетекші музыканттардың бірі болды. Консерваторияда белгілі композитор, ұстаз Великановтың жетекшілігімен білім алды.
Қойшыбаев Макалим 1952 жылдан бастап музыка жаза бастады. Осы уақыт ішінде оның «памяти Абая» фортепианоға арналған соната, домбыраға арналған 4 аспаптық пьесасы, фортепианомен қобызға арналған 3 пьесасы, сондай-ақ «Мәншүк», «Құрманғазы», «Советтік Қазақстан» атты симфоникалық поэмалары дүниеге келді. Бұлардың ішінде «Советтік Қазақстан» шығармасы Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі орындайтын көлемді туынды ретінде бағаланды. Сонымен бірге хорға арналған бірқатар шығармалар мен көптеген камералық туындылар жазды.
1953 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрімен бірге Бухарест қаласында өткен фестивальге қатысты. 1957 жылдың соңында осы оркестр құрамында Қытай Халық Республикасына барып, үлкен шығармашылық табысқа ие болды. Қытай халқы оның орындаушылық өнерін ерекше жылы қабылдады. Әсіресе «Аққу» өлеңіне тәнті болды.
Қойшыбаев Макалим Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қойшыбаев Макалимнің жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1963 жылы өзі сый ретінде тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1950-1963 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген.
 
Марьям Семятова 1916 жылғы 9 мамырда Алматы облысы, Шелек ауданы, Қара-Тұрық ауылында дүниеге келген. Қара-Тұрық мектебін бітірген соң, 1933 жылы Алматы қаласындағы Әйелдер техникумына оқуға түсіп, бірақ отбасылық жағдайға байланысты екі жылдан кейін оқуын тоқтатуға мәжбүр болды.
1935 жылы Семятова Ұйғыр республикалық музыкалық-драма театрына қабылданып, осы өнер ордасында жас актрисадан бастап Қазақ КСР халық артисі дәрежесіне дейінгі даңқты жолын өтті. Ол әлемдік, ұйғыр, қазақ және орыс классикасынан көптеген ұмытылмас бейнелерді сомдады: Назугум (Хасанов К. «Назугум»), Баян-Сұлу (Мүсірепов Г. «Қозы Көрпеш – Баян-Сұлу»), Айсары (Яшен К. «Гюдьсара»), Шырын (Хикмет Н. «Фархади мен Шырын»), Аграфья Тихоновна (Гоголь Н.В. «Үйлену»), Мирандолина (Гольдони К. «Қонақ үй қожайыны») және тағы басқалар.
Оның таланты сан қырлы еді. Семятова өлеңдер де жазды, олардың көпшілігі әнге айналды.
Ұйғыр өнерін дамытудағы елеулі еңбегі үшін 1945 жылы оған «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді, ал 1954 жылы – «Қазақ КСР халық әртісі» атағы, 1958 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Марьям Семятованың құжаттық материалдары 1967 жылдың қаңтарында ҚР Орталық мемлекеттік архивіне тапсырылды. Қор құрамында шығармашылық қызметіне қатысты құжаттар – Семятова ойнаған рөлдердің мәтіндері, рөлдердегі фотосуреттері, оның қолжазбалары – өлеңдері мен әндері, мақалалары, баяндамалары, өмірбаянына қатысты материалдар және басқа да деректер сақталған.
 
Ораз Мұсағалиевич Қаңлыбаев 1931 жылдың мамыр айының 7 жұлдызында Семей облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. Ол – Қазақстан спортшылары арасынан шыққан конькимен жүгіру спорт түрі бойынша тұңғыш спорт шебері (1953). Сонымен бірге, аталған спорт саласында Бүкілодақтық дәрежедегі төреші атағына ие болған (1970).
Коньки спортымен қатар, жеңіл атлетика, бокс, допты хоккей, волейбол, велоспорт секілді бірнеше спорт түрлерімен де айналысқан. Аталған спорт салаларында бірнеше мәрте жүлделі орындарға ие болып, оның ең ірі жетістіктері конькимен жүгіру спортында айқын көрінді. 1948-1955 жылдар аралығында Ораз Қаңлыбаев 5000 және 10000 метр қашықтықтарда Қазақстан чемпионы атағын 12 рет жеңіп алды. Осы нәтижелері арқылы ол әлемнің үздік конькишілерінің қатарына енген болатын. 1957 жылы жоғары спорттық жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
1963 жылы Мәскеу қаласындағы Орталық мемлекеттік дене шынықтыру институтын тәмамдағаннан кейін, Қазақ КСР спорт қоғамдары мен ұйымдары республикалық кеңесінің жолдамасымен коньки спорты бойынша аға жаттықтырушы қызметіне тағайындалды.
1964 жылдан бастап Ораз Қаңлыбаев Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің коньки бөліміне аға жаттықтырушы болып тағайындалды.
1964, 1968 және 1972 жылдары Қазақ КСР құрама командасының коньки спорты бойынша жаттықтырушылар кеңесін басқарды, сонымен бірге КСРО құрама командасының жаттықтырушысы қызметін атқарды. Ораз Қанлыбаевтың басты еңбегі тек өзінің спорттық шеберліктің биік деңгейіне көтерілуімен ғана шектелмейді. Сонымен қатар ол жинақтаған мол тәжірибесін өзгелерге үйретуге ұмтылып, Қазақстандағы дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралық сипатта дамуына ерекше көңіл бөлді. Бұл оның мақалалары мен қысқаша жазбаларынан анық байқалады.
1970 жылы Ораз Қаңлыбаев Қазақ КСР коньки спорты федерациясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.Әртүрлі құрамалардың жаттықтырушысы ретінде Ораз Қанлыбаев бірнеше рет шетелдік іссапарларға шығып, халықаралық деңгейде жұмыс атқарды. Оның жетекшілігіндегі БОККК құрама командасы дәстүрлі түрде мықты саналатын Норвегия құрамасын жеңді.
Өмірінің соңғы жылдарында денсаулығының нашарлауына байланысты Ораз Қанлыбаев үлкен спорттан кетуге мәжбүр болып, бірнеше қызмет атқарды: 1973–1974 жылдары «Спартак» РҚДСО коньки спорты мектебінің жаттықтырушысы, 1977 жылдан бастап «Спартак» ДСО кешенді спорт базасы директорының орынбасары, сондай-ақ Қазақ КСР А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасының пайдалану-техникалық бөлімінде инженер болды. 1978 жылы 5 шілдеде Ораз Қанлыбаев қайғылы жағдайда қаза тапты.
Ораз Қанлыбаевтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1978 жылы әкесі Мұсағали Қаңлыбаев сый ретінде тапсырған. Осы құжаттар негізінде 1-ші тізімдеме жасалып, тізімдемеге 1949-1977 жылдар аралығын қамтитын құжаттар енген.
 
Тілеуқажы Шойынбаев 1911 жылы 5 мамырда Семей облысы, Шұбартау ауданының 10-шы ауылында кедей-шаруа отбасында дүниеге келген. Тілеуқажы Шойынбаев 9 жасында ата-анасынан жетім қалып, үлкен ағасы Жақанбайдың тәрбиесінде болады. 1923-1926 жылдары Шұбартау ауданының 13-ші ауылында ашылған балалар үйінде оқып тәрбиеленген.
Тілеуқажы Шойынбаев: 1926-1931 жылдары Семей педагогикалық техникумын, 1937-1939 жылдары Алматы мұғалімдер институтын; 1939-1946 жылдары қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетін ойдағыдай бітірген.
1946-1966 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында қызмет атқарған. 1966 жылдан өмірінің соңына уақытына дейін (1987 жылдың тамыз айынан зейнеткер) Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының Қазақ ССР тарихы және методикасы кафедрасының доценті (1966-1984), профессоры (1985) қызметін атқарған. Тілеуқажы Шойынбаев жалпы саны 100-ден астам ғылыми еңбек-кітаптар мен кітапшалардың, мақалалардың авторы. Оның ғылыми еңбектерінің көпшілігі қазақ халқының XVIІ-XІX-шы ғасырдағы тарихына, орыс мемлекеті мен Орта Азия хандықтарының қарым-қатынастарына, ұлт-азаттық көтерілістерінің тарихына, қазақтың ұлы ғалым- ағартушыларының өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған. Мысалы, «Восстание Сыр-Дарьинских казахов» (1949), «Ыбырай Алтынсарин-ағартушы-педагог» (1955), «Великое событие в истории казахского народа» (1957) атты еңбектерімен қатар, Тілеуқажы Шойынбаев қазақтың ғұлама ғалымы, ағартушы демократ Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын зерттеп, оның бес томдық шығармалар жинағын құрастырушылардың бірі болған. Тілеуқажы Шойынбаевтың тарих ғылымына сіңірген еңбегін бағалап, оны «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1946), Қазақ ССР Жоғарғы Советінің және СССР Ғылым Академиясы Президиумының құрмет грамоталарымен (1957), Алматы қаласы Фрунзе ауданының жұртшылығы арасында саяси-көпшілік жұмысына белсенді араласқаны үшін Құрмет дипломымен (1970) т.б. марапаттармен марапатталған.
Тілеуқажы Шойынбаев 1999 жылы 10 қазанда 88 жасында қайтыс болған.
Тілеуқажы Шойынбаевтың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне 2001 жылы зайыбы Шойынбаева Тамара Халдарбекованың өтініші бойынша қабылданып, осы өткізілген құжаттар негізінде қор құжаттарының 1-ші тізімдемесі жасалынған. Ғылыми тұрғыда ретке келтіріліп құжат саны 535, олар 1927-1999 жылдар аралығын қамтиды.
 
Сералы Қожамқұлов – көрнекті қазақ актері, Қазақстанның кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, театр және кино актері, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының және үшінші дәрежелі Сталиндік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері.
Сералы Қожамқұлов 1896 жылы 5 мамырда Қостанай облысының Қарабалық ауданында ауқатты малшы Қожамқұл Жармұхановтың отбасында дүниеге келген. Отбасында Сералыдан бөлек алты ұл мен үш қыз болған. 1907 жылы әкесі қайтыс болып, кішкентай Сералы ересектерге шаруашылыққа көмектесіп, мал бағады.
Ол өте зерек әрі білуге құштар бала болып өседі. Қариялардың аңыз-әңгімелерін ықыласпен тыңдап, кейін естігендерін қимыл-қозғалыс пен мимика арқылы замандастарына әсерлі етіп жеткізіп беретін. Сералының арманы оқу үйрену болғанымен, ауылда мектеп болмаған еді.
1913 жылы ағаларының қарсылығына қарамастан, өз бетімен Орынбор облысындағы Троицк қаласына туысы Жүсіптің қасына барады. Жүсіп оны татар мектебіне оқуға береді. Жазғы айларда Серке үйіне қайтпай, оқуын жалғастырады. Ол кезде Троицкіде көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейтін, оған Жүсіп белсене араласатын. Бұл әуестік Серкеге де жұғады. Ол Жүсіптің рөлдерін жаттауға көмектесіп, суфлерлік жасап, орындау шеберлігі туралы өз ойын айтып отыратын.
Қазан төңкерісінің жеңісі Қазақстанды да дүр сілкіндірді. Қожамқұлов бұл оқиғадан шет қалған жоқ. 1919 жылы Қостанай қаласына барып, Ә. Жангелдиннің қызыл гвардиялық отрядына өз еркімен жазылады.
1919-1920 жылдары жергілікті Халық ағарту бөлімдері жанынан әуесқой актерлердің жартылай кәсіби труппалары құрыла бастады. Маман тапшылығына байланысты Халық ағарту бөлімі Жангелдин отрядынан қабілетті жауынгерлерді бөлуді сұрайды. Осылайша бірнеше адам, оның ішінде Сералы да Қостанай труппасына жіберіледі. Спектакльдерде ескі ауылдың қалдықтары әшкереленіп, әйел теңдігі үшін үгіт-насихат жүргізілді. Қожамқұлов былай деп еске алатын: «Біз, жауынгерлер, қолымыздан мылтықты тастамадық, бірақ бос уақытымызда шалдарға, бақсыларға, жігіттерге, тіпті әйелдерге айналып, сахна төрінен Кеңес өкіметі үшін үгіт жүргізетінбіз». 1920 жылы отряд Торғай қаласына ауыстырылып, жауынгерлер сол жерде де драма үйірмесін ұйымдастырады.
1920 жылдың тамызында Қожамқұлов Орынбордағы Татар педагогикалық институтына түседі, бірақ денсаулығына байланысты демалыс алып, оқуын кейін жалғастырмақ болады. Алайда 1923 жылы округтік сот оны Қостанай облысына сот тергеушісі етіп тағайындайды.
1925 жылы қазанда Қызылорда қаласында Қазақ драма театрының құрылуына байланысты Облыстық халық ағарту бөлімі оны артист ретінде шақырады. Ол театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі болды. Содан бері Сералы Қожамқұловтың шығармашылық өмірбаяны осы ұжыммен – қазіргі М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрымен тығыз байланысты.
Театрдың алғашқы жылдарында режиссерлер актерлер ортасынан шықты: Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков. Алғашқы репертуарды жасауға М. Әуезов, С. Сейфуллин, Б. Майлин сынды жазушылар атсалысты.
Сералы Қожамқұлов сахналық шығармашылығында өмір шындығы мен халықтық қасиеттен ажырамады. Тіл мен фольклорды, халық салты мен ұлттық тұрмысты терең білетін ол образдағы жасандылықты бірден сезіп, актерді дұрыс бағытқа сала білетін. Қожамқұлов К.С. Станиславский мен В.И. Немирович-Данченконың еңбектерін, ұлы артистердің мемуарларын зерттеді.
Алғашқы кезеңде Кеңес өкіметінің орнауын бейнелейтін «Қызыл сұңқарлар» (Сейфуллин), «Зарлық» (Оспанов пен Өтеулин), сондай-ақ қазақ халқының төңкеріске дейінгі тұрмысын көрсететін «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал» (Әуезов), «Неке қияр», «Қу молла» (Майлин), «Малқамбай» (Ерданаев), «Торсықбай», «Айдарбек», «Арқалық батыр» (Шанин) қойылымдары сахналанды.
1936 жылы Қожамқұловқа «Қазақ КСР-нің Халық әртісі» атағы берілді.
60 жылдық сахналық қызметінде Сералы Қожамқұлов ұмытылмас образдар галереясын сомдады: М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Еспембет, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясындағы Қоңқай, У. Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» Слай мен Педант, Н.В. Гогольдің «Үйленуіндегі» Яичница, А.М. Горькийдің «Шыңырау түбіндегі» Лука, М. Әуезовтің «Қобыландысындағы» Көбікті және т.б.
Сералы Қожамқұлов – қазақ киноөнерінің алтын қорына енген жиырмадан астам фильмде ойнаған тамаша киноактер. Олардың қатарында «Амангелді» фильміндегі Бекет, «Райхандағы» жылқышы Кеке, «Абай әндеріндегі» Баймағамбет, «Алтын мүйіздегі» шопан Әділбек бар.
1952 жылы «Абай» спектакліндегі Майбасар бейнесі үшін С. Қожамқұловқа КСРО Мемлекеттік сыйлығы, ал 1970 жылы «Ленин 1918 жылы» спектакліндегі питерлік жұмысшы Коробовтың рөлі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Театр өнерін дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, екі мәрте Ленин орденімен, Қазан төңкерісі, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.
Сералы Қожамқұлов – қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлға. Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының негізін салушылардың бірі және қазақ классиктері мен әлемдік драматургия туындыларындағы рөлдердің шебер орындаушысы. Сералы Қожамқұлов өнерсүйер қауымның жүрегінде мәңгі сақталады.
Навигация
Тоқта сыбайлас жемқорлық
ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады:
Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна.
телефон:8(727)2720334
мобильный:8(701)4816169
Яндекс.Метрика Разработка и поддержка сайта - cga.kz