Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
04-06-2020

Балалар күніне арналған байқау қорытындыланды
«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Қазақстан Республикасы...
31-05-2020

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қазақстанда, 1997 жылдан бері, жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске...
22-05-2020

Архив мамандары марапатталды
21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан...
20-05-2020

Өртке қарсы құрылғылар тексерілді
Өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын орындау, өрттің алдын алу және...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында

4 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі «Ұлы Отан соғысы – архив құжаттарында. Құпиясыздандырылған құжаттар» атты дөңгелек үстел және көрме өткізді.
Салтанатты шараның алғысөзін алған «Орталық мемлекеттік архив» директоры Қарымсақов Арнұр Жасабекұлы ардагерлер мен қонақтарды ықыласпен қабылдап, сөзін былай жалғады: «Құрметті ардагерлер, қадірлі қонақтар мен әріптестер! Орталық мемлекеттік архив еліміздегі ең көлемді әрі көне архивтердің қатарында. Бүгінде архив қорында 16 ғасырдан бері жинақталған бір жарым миллионға жуық құжаттар сақталып тұр.
Архивте қағаз құжаттармен қатар, фото, фоно, киноқұжаттар, ноталық жазбалар мен кескіндеме құжаттар жиынтығы бар. Бүгінгі іс-шарамызда Ұлы Отан соғысы жайлы архивте бар құжаттардан көрме ұйымдастырып отырмыз.
Көрмеге Ұлы Отан соғысының жауынгерлері жайлы, нақтырақ айтсақ Бауыржан Момышұлы (полковник, Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан), Мәлік Ғабдуллин (панфиловшы, саяси жетекші), Дмитрий Снегин (Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан, жазушы), Ілияс Есенберлин (Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысқан, жазушы), Әзілхан Нұршайықов (зеңбірекші, жазушы), Қасым Қайсенов (партизан-жазушы), Талғат Бегельдинов (екі мәрте қаһарман атағын алған ұшқыш), Хыйуаз Доспанова (қазақтан тұңғыш рет шыққан ұшқыш-қыз), Рақымжан Қошқарбаев (Рейхстагқа алғашқы боп ту тіккен), Алия Молдағұлова (мерген), Мәншүк Мәметова (пулиметші) және панфиловшылар мен көптеген жауынгерлеріміз жайлы құжаттар жарияланып отыр. Белгілі композитор, ҚазКСР-нің халық артісі Латиф Хамидидің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін алған төрт медалі көрмеге қойылды. Көрмеде майданда жазылған хаттар, суреттер мен естеліктер, арнау-өлеңдері, күнделік жазбалары мен өзге де құнды түпнұсқа құжаттар бар.
Экспозицияға халықты Қызыл әскер қатарына алу, мобилизациялау, 316 атқыштар дивизиясы (8 Панфиловтік гвардиялық атқыштар дивизиясы), 100 және 101 Қазақ жеке атқыштар бригадасы жайлы деректер қойылды.
Архивтік қорда сақтаулы деректермен танысып қана қоймай, қолдануға да мүмкіндік бар. Бүгінде архивте сақтаулы жеке қор деректерінің көшірмесі мемлекеттік, республикалық, облыстық деңгейдегі мәдениет орындарына, архивтер мен мұражайларға түрлі іс-шаралар жүргізу үшін пайдалануға беріліп келеді. Ғалымдар құжаттармен танысып, ғылыми еңбектеріне қолдануына жағдай жасалған.
Халық даналығы «Тарихы жоқ елдің – болашағы жоқ» дейді. Ендеше, тарихқа түскен құнды құжаттарымызды ұрпаққа мұра етіп қалдырайық. Өткен күнннен үлгі болсын».
Құттықтау сөзден кейін ҚР МжСМ «Орталық мелкеттік архиві» тапсырысымен 2010 жылы жарық көрген 100 және 101 Қазақ жеке атқыштар бригадасының құрылуы және оның майдан жолы тарихын бейнелейтін «Стертые имена» атты деректі фильмі көрсетілді.
Көрмеге соғыс ардагерлері, ғалымдар, архивистер, әскерилер, өлкетанушылар, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан Консулдықтары, ЮНЕСКО өкілдері мен бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластер бюросының директоры Криста Пиккат, ЮНЕСКО-ның кластер бюросының БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселесі бойынша қызметкері Сергей Карпов, Қырғызстан Республикасының бас консулы Жұлдыз Сейдалиева, Алматы қаласының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жаңбыр Керімқұлов, Жанша Жанасов, танымал мемлекет және қоғам қайраткері, 1975-1982 жылдары республиканың мұрағат ісінің жетекшісі Бижамал Рамазанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Лайла Ахметова, тарих ғылымдарының кандидаты Қайдар Алдажұманов, журналист, ««Ерлік жолымен» зерттеу орталығының» бас директоры Дина Игсатова, Алматы қаласындағы Әскери-тарихи музейдің директоры Алуа Байқадамова, Генералдар Кеңесі төрағасы Рүстем Қайдаров, 1073 атқыштар полкінің 1-ші батальон штабының төрағасы Рахимов Хабибулланың немере туысқаны Рахимова-Чанышева Ляйля, Ауғанстан ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров, Құрлық әскерлерінің әскери институтының ғылыми бөлімінің басшысы Болат Құдабаев, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева, Алматы қаласының мемлекеттік архивінің директоры Абзал Ботанов, Алматы облысының мемлекеттік архивінің директоры Гүлмира Құлмұханбетова мен Ұлттық кітапхана өкілдері дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары қатарынан табылды.
Меркелік шара соңында алғыс хаттар табысталып, ақ дастархан жайылды.



Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group