Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
04-06-2020

Балалар күніне арналған байқау қорытындыланды
«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Қазақстан Республикасы...
31-05-2020

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қазақстанда, 1997 жылдан бері, жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске...
22-05-2020

Архив мамандары марапатталды
21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан...
20-05-2020

Өртке қарсы құрылғылар тексерілді
Өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын орындау, өрттің алдын алу және...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Архив құжаттары мұқият сақталуда
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» РММ Архивтік құжаттарды қалпына келтіру және сақтандыру көшірмелері жөніндегі бөлімнің жұмысы ауқымды.

Бөлім архив құжаттарын сақтаумен айналысады. Атап айтқанда архив құжаттарын тігу және түптеу, қаптап түптеу, әр түрлі көлем мен өлшемде мұқабалар дайындау, архивтік қораптар жасау, хатқалталар (фото құжаттарды сақтайтын конверттер) жасау міндетін атқарады.
Бүгінде бөлім 5376 құжатты (431754 парақ) түптеп, қалпына келтірді.
Құжат парақтары арнайы қалыпқа (брошюровочная доска) парақ санын сақтай отырып, түбін тузетіп, бастырылады. Бірыңғай А3-А5-ке дейінгі құжаттардың түбін ыстық желім жағу аппараты (биговальный аппарат с горячим клеем) арқылы желімдеуге болады. Қосымша жолақтарды және форзацтар кесіліп, құжаттың түбіне желім жағылады. Кітап түбі бұрғылау аппаратымен немесе бізбен 3-4 тесік жасау арқылы тесіліп, тігіледі. Соңында кітап мұқабасы мен кітап түбі біріктіріліп, желім жағылып түптеледі.
1. Жеке тектік қорлар мен тарихи құжаттамалық топтамалармен жұмыс жасау бөлімінің арнайы тапсырысымен әр түрлі көлемде және мөлшерде мұқабаларды бөлім қызметкерлері жылдар бойы дайындап келеді. Бөлімге 2004 жылы құрылғаннан бері 7000-ға жуық 15см*20см мен 110см*150см көлемге дейінгі мұқабаларға тапсырыс берілген. Бұл мұқабаларда сызба, афиша, карта және атақты суретшілердің туындылары сақталуда.
2. Қағаз негізіндегі құжаттарды сақтауды қамтамасыз етудің тағы бір жолы – архивтік қораптарда жасау. Құжат негізі сақталады, ылғал мен күн көзінен қорғайды және құжатты қор қоймаларында тез арада табуға ыңғайлы. Қорабтар көлемі арнайы архивтік 41см*27см*17см қорапта немесе тапсырыс арқылы жасалады. Қақпағы тығыз жабылып, ішіне шаңның енуіне жол берілмейді. Қораптың бөлшектері герметикалық тік және бірдей болғандықтан, құжаттарды сапалы сақтауға кепілдік береді. Архивтік қораптар - бүкіл әлемде қолданылатын құжаттарды сақтаудың ең жақсы тәсілі.
3. Хатқалталар (фото құжаттарды сақтайтын конверттер) жасау. Калька қағазынан 10см*12см көлемінде фото құжаттарды салатын конверттер жасаймыз.
Бөлім қызметкерлері жоғарыда көрсетілген қызметтерді атқару үшін әр түрлі кеңселік және картон қағаздарын «Гильотин» немесе папшерде кеседі. Кітап түбін тігу үшін 4 тесікті бұрғылау аппаратында жасайды. Сонымен қатар архивтік қорабтарды сыммен тігу машинасын (проволока, швейная машина) қолданады.
Бөлім алдына қойған мақсаттарына жету және "Архив-2025" бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету үшін, Ресей, Германия, Эстония, Түркия, Польша мемлекеттеріне, әлемнің дамыған архивтерінің техникасын көру және дәріс алуды, іскерлік тәжірибелерін дамытуды алдағы бес жылға жоспарлап отыр.



Архивтік құжаттарды қалпына келтіру
және сақтандыру көшірмелері жөніндегі
бөлім жетекшісі Бекеева Гүлнұр Нұрболатқызы


Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group