Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жөнсілтер

Қазақстан туралы

Интернеті қабылдау

Байланыстар
Қаз
|
Рус
facebook instagram
НегізгіАрхив тарихыЖаңалықтарҚызмет көрсетуЗаңнамаЖарияланым
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
03-08-2021


АРХИВ ІСІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
14-06-2021

2021 жылдың маусым айының 11-де Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында архивтің түпнұсқалық
2021 жылдың маусым айының 11-де Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві...
21-05-2021


ҚР ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАРАТ ХАСАНАЕВТЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА...
21-04-2021


...
Конференциялар
17 мамыр 2013 жыл
2013 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция өтті.


05 сәуір 2013 жыл
2003 жылдың сәуір айының 3-де Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Египет мәдениет орталығымен бірігіп, «Қазақстанның араб елдерімен тіл білімі, тарих және мәдениет салаларындағы байланысы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.


04 сәуір 2013 жыл
2013 жылдың 4 сәуір айында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-ның ән ұранының авторларының бірі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел және «Қазақ музыкасының бәйтерегі» атты кітап-альбомының тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылды.


18 қазан 2012 жыл
Қазан айының он сегізінде мұрағат «МИЦВА» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдарының ассоциациясымен бірігіп, Халықаралық ғылыми конференция өткізді.


Жарияланым
Гобелен
Гобелен өзіндік өнер туындысы ретінде алғашқы рет Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамыған. Уақыт өте келе, біртіндеп Ресей және Балтық, Кавказ елдерінде кеңінен таралған.
Қазақстанда гобелен тоқудың даму тарихы өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастау алады. Себебі дәл осы тұста Алматы қаласында орналасқан «Ковровщица» («Кілемші») артелінің жанынан гобелендерді дайындау шеберханасы ашылған болатын.
Еліміздегі бейнелеу өнерінде гобелен тоқу өткен ғасырдың 70-ші жылдары кеңінен дамып, гобелен суреттері республикадағы елді мекендердегі қоғамдық орындарын безендіруде кеңінен қолданыла бастады.
Гобеленге қажетті эскиздерді даярлау ісіне еліміздің кәсіби суретшілері ат салысты, атап айтсақ, Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайылов, Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова және Николай Владимирович Цивчинский.
Назарларыңызға ұсынылып отырған архивтік құжат – «Бәйге» деп аталатын гобеленнің суреттік көшірме нұсқасы болып табылады.
Көлемі – 16 шаршы метр болып табылатын бұл гобелен Мәскеу қолөнер өнеркәсібі музейінің тапсырысы бойынша даярланған. Авторы –
Н. В. Цивчинский.
«Бәйге» гобелені 1938 жылы Алматы қаласындағы жоғарыда атап өтілген «Ковровщица» артелінде тоқылған.
Гобелен авторы туралы қысқаша ақпарат: Николай Владимирович Цивчинский – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, еліміздегі монументалдық-сәндік-қолданбалы өнер негізін қалаушылардың, әрі дамытушылардың бірі.
Н. В. Цивчинский 1905 жылы 13 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген. Алматы қаласына 1937 жылы қоныс аударып, 1941 жылға дейін кілем-гобелен тоқу фабрикасында суретші ретінде жұмыс атқарған.
1941 жылы суретші майданға шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады.
1945 жылы Қызыл әскер қатарынан босап келіп, кілем-гобелен тоқу фабрикасындағы суретші қызметін қайта жалғастырады.
Соғыстан кейінгі жылдары суретші «Қызыл алаң» (1949 ж.), «Көктем» (1956 ж.), «Абай» (1956 ж.) атты гобелендерін жарыққа шығарып, Қазақстандағы гобелен өнерінің шарықтап дамуына зор үлесін қосады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік архив қорларынан.

Барлығын көрсету

Навигация
Онлайн көрмесі
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі, елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл.

Барлығын көрсету
 
Разработка и поддержка сайта - neon-group