Мемлекеттік рәміздер |
| Барлығын көрсету | |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген...
|
|
|
|
|
|
|
АҚЫН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ МӘРИЯМ ХАКІМЖАНОВАНЫҢ ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ!
Мәриям Хакімжанова 1906 жылы 15 қарашада Қостанай облысы Обаған ауданы Мезгіл ауылында дүниеге келген.
1929 жылдың соңында Алматыға келіп «Әйел теңдігі» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналында еңбек жолын бастайды. 1931–1933 жылдары Алматы қазақ педагогика институты жанындағы жұмысшы факультетінде оқып, оны үздік бітіреді. шығармашылыққа ден қойған ол 1936 жылы «Әйел теңдігі» журналындағы жұмысынан шығып 1938 жылға дейін шығармашылық жұмыспен айналысады.
1939 жылы Қазақстан Жазушылар одағына қызметке шақырылады.
Одан соң 1951–1956 жылдары «Жаңа өмір» журналында, 1957–1961 жылдары Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редакторлық қызметін атқарады. 1962 жылы құрметті зейнеткерлік демалысқа шығады.
Отызыншы жылдардың басында қазақ қыздарының арасынан поэзия көгіне көтерілген М. Хакімжанова 1934 жылы-ақ Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады. Ақынның 1935 жылы «Менің жеңешемнің әндері» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұдан кейін «Мәншүк» (1945), «Ана махаббаты» (1951), «Алғашқы ән» (1958), «Ана көктемі» (1963), «Гүл туралы аңыз» (1970), «Намыс» (1973), «Өткелдер» (1976), «Таңдамалы» (1986) өлеңдер жинақтары шыққан.
М. Хакімжанованың бірқатар шығармалары орыс, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Мысалы, П. Дружиннің, Р. Тамаринаның аударуындағы «Менің Отаным» («Моя Родина»), «Тобылым, менің Тобылым» («О, Тобол, мой Тобол»), Г. Момунованың қырғыз тіліне аударған «Қырғыз қызына», «Қыздарға» деген өлеңдерімен қатар чуваш тіліне аударылған «Харсар қайсар» т.б. өлеңдерін айтуға болады. Сонымен қатар, М. Хакімжанованың өзі де көркем аударма саласында қыруар еңбек еткен. Қырғыз ақыны А. Тоқомбаевтың «Момия» атты өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
Мәриям Хакімжанова еларалық қызметке белсенді араласқаны үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1984 ж.) және екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен (1966, 1976 жж.) марапатталды. 1986 жылы «Қазақстан Республикасының Халық жазушысы» құрметті атағы берілді. 1976 жылы бастап туған өлкесі – Қостанай қаласының құрметті азаматы атанды.
Мәриям Хакімжанова 1995 жылғы 6 ақпанда дүниеден озды.
Мәриям Хакімжанованың жеке қорының құжаттарын Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивіне 1964 жылы құжаттарын архивке сый ретінде өз қолымен тапсырған. Ақынның қорында өмірбаяндық, шығармашылық, хаттар, фотосуреттер және қор иесінің қызмет барысында жинақтаған құжаттары бар.
|
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ Ресми сайты |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ Ресми сайт |
 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ CПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ |
.png) |
|
|
Тоқта сыбайлас жемқорлық |
 |
| ҚР 'ОМА' РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 'Адалдық алаңы' жобасы аясында, азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, барлық сұрақтар бойынша архив пайдаланушылары архивтің шұғыл байланыс телефонына хабарласа алады: |
| Директордың орынбасары: Жылысбаева Марзия Ганиевна. |
| телефон:8(727)2720334 |
| мобильный:8(701)4816169 |
|
|
|